Тұрғындардың хабарлауынша, бүгін таңертең Осинов асуы аумағында қар түскен. Адамдар суреттерді әлеуметтік желіге жүктеп жатыр. Ал Қазгидромет ресми түрде қар жауудың тіркелмегенін айтты.
“Біздің ақпарат бойынша түнде Зырян ауданында +7 градус болған, біз тауда қар түсті деген ақпарат бере алмаймыз”, – деді Қазгидромет.