«Банд'Эрос» тобының бұрынғы солисі Родика Змихновскаяның өлімін Күндегі жарылыстармен байланыстырып отыр, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі life.ru-ға сілтеме жасап.
Музыкалық топтың әншісі Родика Змихновскаяның миына қан құйылған. Соның салдарынан ол комаға түсіп, ұзақ уақытқа бармай көз жұмған.
«Банд'Эрос» тобының баспасөз қызметі ұжымның бұрынғы солисі Раданың (Родика Змихновская) миына қан құйылу себебін болжап отыр. Топ өкілдерінің айтуынша, орындаушы қыркүйек айының басында Күннің белсенділігінен комаға түсіп, қайтыс болған.
«Рада Калифорниядағы құрбысына келген. Біздің ойымызша, жақында болған Күндегі жарылыстардан оның миына қан құйылған», — деп Hello басылымы ұжымның баспасөз қызметі өкілінің сөзін келтірді.
Атап өтсек, «Банд'Эрос» тобының солисі бірнеше күн бойы комада жатқан. Дәрігерлер оны құтқаруға әрекет жасағынымен, ол көз жұмды.
Лайф мәліметінше, Күнде болған төрт жарылыстың біреуі 4 қыркүйек күні болған.