Лондон метросында жарылыс болды - kaz.caravan.kz
  • $ 487.17
  • 565.65
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Лондон метросында жарылыс болды

Лондон метросында жарылыс болды

Лондонда метрода жарылыс болды, салдарынан жолаушылар зардап шеккен, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жас

  • 15 Қыркүйек 2017
  • 318
Фото - Caravan.kz

Лондонда метрода жарылыс болды, салдарынан жолаушылар зардап шеккен, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап.

Sun басылымының мәліметінше, оқиға «Парсонс-Грин» станциясында болған. Жарылыстан бірнеше адамның беті күйіп қалыпты. Оқиға орнына шұғыл қызметтер келді.

Куәгерлердің айтуынша, вагондардың бірінде ақ контейнер жарылған.

Полиция оқыс оқиға болғанын растады, істің мән-жайы хабарланбай отыр.


«Парсонс-Грин станциясында болған оқиғадан хабардармыз. Қызметкерлеріміз оқиға орнында жүр», — делінген Лондон полициясының твиттердегі парақшасында.

Жарылысқа байланысты Эрлс Корт станциясынан Уимблдон станциясына дейінгі аумақ қоршауға алынды