Қытай спартакиадасында 4 қандасымыз жүлдегер атанды - kaz.caravan.kz
  • $ 487.17
  • 565.65
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қытай спартакиадасында 4 қандасымыз жүлдегер атанды

Қытай спартакиадасында 4 қандасымыз жүлдегер атанды

XIII кезекті жазғы Жалпы қытай спартакиадасы өз мәресіне жетіп, 4 шыңжаңдық қазақ спортшысы жеңіс тұғырынан көрінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

  • 15 Қыркүйек 2017
  • 373
Фото - Caravan.kz

Байрақты бәсекеде Қытайдағы қазақ балуандары үш медаль еншіледі. Еркін күрестен 65 кг салмақта өнер көрсеткен қандасымыз Ерланбек Кәтейұлы алтын медаль жеңіп алса, грек-рим күресінен 59 кг салмақта Уәлихан Серікұлы және 130 кг салмақтағы Мұратбек Шәйсұлтанұлы қола жүлдені иеленді. Бокстан 75 кг салмақта сынға түскен Тоқтарбек Таңлатханұлы күміс медаль еншіледі. Бұған дейін хабарлағанымыздай, төрешілердің Тоқтарбекке жасаған ашық әділетсіз шешімінен кейін, Қытай Мемлекеттік спорт бас басқармасы төрешілерді жазалап, бокстан ұлттық құраманы таратып жіберген еді. Айта кетейік, Ерланбек Кәтейұлы 2013 жылы XII кезекті спартакиадада чемпион атанып, Қытай атынан 2016 жылғы Рио Олимпиадасына қатысқан болатын.