Елімізде психикасы жетілмеген қыздар секс-құлдыққа жегілген - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
+1 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде психикасы жетілмеген қыздар секс-құлдыққа жегілген

Елімізде психикасы жетілмеген қыздар секс-құлдыққа жегілген

Адамды секс-құлдыққа мәжбүрлейтін қылмыскерлер психикасы жетілмеген қыздарды да тартады екен. Оларға Еуропада өмір сүретін мүмкіндік пен шетелдік күйеу тауып беретінін айтады. Ал шын мәнінде кейін жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлейді.

  • 27 Қыркүйек 2017
  • 3339
Фото - Caravan.kz

Осы және басқа да жағдайлар туралы Алматыда қонақ үй, туризм, демалыс бизнестері барысында адам саудасына жол бермеу тақырыбында өткен тренингте айтылды, деп хабарлайды "КАРАВАН" газеті.

— Көбінесе адамдарды ұрлап әкетіп барып, саудаға салады, — дейді ҚР ІІМ Қарағанды академиясының заңсыз көші-қон мен адам саудасына қарсы күрес бойынша маман даярлау орталығының бастығы Жанғали Кенбаев. – Ал ұрлап әкеткен жағдайлардың 90 пайызында қызды зорлайды. Сөйтіп, жезөкшелікке жегеді. Біздің бағалауымызша, қыз секс-құлдыққа көнуі үшін бір сағат, ары кетсе, 10 күн уақыт жетеді. Бәрі де адамның мінезіне байланысты. Қарағандыда жезөкшелікке мәжбүрленген бір топ болды. Ондағылардың көпшілігі ұрып-соққаннан кейін бірден көнген. Ал бір қыз 10 күн қарсылық көрсетіп барып, содан кейін ғана келісім беріпті.

Кенбаевтың айтуынша, Алматыда мұндай бизнестен, төрт адам пайдаланылса, айына 4 миллионнан артық теңге табуға болады екен. Бірақ бұл бірнеше жыл бұрынғы есеп бойынша. Қазір әлдеқайда көбейіп кеткен болуы мүмкін.


Ал қылмыскерлер қыздарды секс-құлдыққа тартудың нешетүрлі жаңа амалдарын тауып отырады.

— Бір сутенерлер психикасы жетілмеген қыздарды іздеген. Өйткені оларды іздейтін ата-аналары жоқ. Мұндай қыздарға шетелге күйеуге шығып, Еуропада өмір сүруге мүмкіндік болатынын айтады. Солай алдап немесе ұрлап әкетіп, басқа қалаға апарып отырған, — дейді Кенбаев.