Шығыс Қазақстанда бір айда тоғыз үй өртенген - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
+1 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шығыс Қазақстанда бір айда тоғыз үй өртенген

Шығыс Қазақстанда бір айда тоғыз үй өртенген

Жылыту маусымы басталмай жатып өңірде 18 адам түтінге уланып, біреуі қайтыс болған. Бір айдың ішінде ғана тоғыз өрт оқиғасы тіркеліп отыр.

  • 17 Қазан 2017
  • 163
Фото - Caravan.kz

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметкері Анастасия Склярдың айтуынша, облыста 208 мың жер үй бар. Бүгінгі күні депатрамент қызметкерлері осы үйлерді аралап, жылыту маусымында өрттің алдын алу үшін түсіндіру жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды Altaynews.kz.

— Өрт қауіпсіздігінің талаптары сақталмағандықтан , Шемонайха, Глубокое, Көкпекті аудандары мен Семей қаласында түтінге улану оқиғалары орын алған. Уланғандардың жетеуі — балалар. Шемонайха ауданында бір адам өрт салдарынан қаза тапты,-дейді А.Скляр.

Түтінге улану мен адам қазасына пештердің жылыту маусымына дайын еместігі мен адамдардың салғырттығы себеп болып отыр. Тұрғындар үш айда бір рет пеш мұржаларын ыстан тазартып, отын мен көмірдің сапасына мән берулері керек, — дейді төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері.

Алдын алу жұмыстары барысында тұрмысы төмен отбасылары мен мүгедек жандардың үйлеріне түтіннің концентрациясын өлшейтін, сондай-ақ оның шамадан тыс мөлшерден асып кеткен жағдайда дыбыстық белгі беретін құрылғылар орнатылуда. Өткен жылыту маусымында мұндай құрылғы 20 үйге орнатылса, биыл 30 үйді дабыл қаққышпен қамтамасыз ету көзделіп отыр. Осындай дабыл қаққыштардың бірі жуықта өрт оқиғасы орын алып, бес бала зардап шеккен отбасының үйіне орнатылмақ.