Шағын бағдарламанының соңғы шығарылымында елдегі саяси ауыс-түйістер болжамы туралы айтылады. Әрине, бұл қалжың. Жүргізетін қыз да сексуалдық қылық көрсетіп, мұның салмақты дүние еместігін байқатып тұр, деп хабарлайды Caravan.kz.
Айтқандай, жүргізуші нақ сол Алау Асқардың өзі сияқты. Өйткені парақшадағы негізгі фотосурет осы бейнероликтегі қызға ұқсайды. Ол бұл жолы құдды бір ауа райы болжамын айтып тұрғандай кейіпте болады.
«Сіздермен қайтадан, о-о, секси қыздар, яғни өсекші қыздар. Бүгін сіздерді саяси ауыс-түйістер болжамымен таныстырады… Аптаның басында Шымкенттің жылы ауа райы Ғабидолла әкімді «Нұр Отанға» алып келді. Қызылорданың желі Қырымбек Көшербаевты орталық Қазақстанға жылы жаңбырмен алып келеді деп күтілуде. Алматының ақша бұлттары Бауыржан Байбекті Ақордаға, Ахметжан Есімовті Алматы облысына, Жамбылдың жаймашуақ ауасы әкім Кәрім Көкірекбаевты парламентке әкеледі деп күтілуде. Сонымен, өскекші қыздар саяси аптаның ауа райын осылай болжады» дейді жүргізуші.
Әрине, бұған қатысты әлеуметтік желіде түрлі пікірлер айтылуда. Жүргізуші қызды арсыз деп кінәлап жатқандар да бар. Ал енді біреулер бұған қалжыңмен қарап отыр. Кейбіреулер тіпті бұны атышулы ресейлік Анфиса Чехованың бағдарламасымен теңестіруде.
🚨Кім, Қайда баруы мүмкін? Немесе Кімді, Қайда көргілерің келеді? Өз ойларыңмен бөліссеңдер! 🔺Бұл O'SEKS'I #Өсекші Қыздардың болжамы😉 Nurlan Janai Aidos SarymMichael Sherimbekt Astana Open Асет Исекешев
Posted by Alau Askar on Monday, November 6, 2017