Тұрсын Алагөзов бар мүлкін тартып алған экс-жұбайына қатысты шындықты айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тұрсын Алагөзов бар мүлкін тартып алған экс-жұбайына қатысты шындықты айтты

Тұрсын Алагөзов бар мүлкін тартып алған экс-жұбайына қатысты шындықты айтты

Жұрт Тұрсынғали Алагөзовті табысты да бақуатты кәсіпкер әрі Баян Мақсатқызының сүйіктісі ретінде таниды. Алайда бүгінде атышулы кәсіпкер тақырға отырған. Себебі экс-жұбайы Ляйсира Алагөзова оның бар мүлкін тартып алған. Алагөзов алғаш рет отбасылық кикілжің жайлы ашық айтты.

  • 15 Қараша 2017
  • 1025
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасына сілтеме жасапStan.kz хабарлайды.

Тұрсынғали Алагөзов бар мүлкін 26 жыл бірге өмір сүрген бұрынғы жұбайы мен балаларының атына аударған. Бұл туралы Тұрсынның әкесі Тұрым Алагөзов инста-парақшасында ашына жазған еді.

“Әкем 70-тен асқан қарт кісі ғой. Сондықтан оның реніш білдіруі түсінікті де шығар. Оның жазғандарының басым бөлігі шындық. Мен оған айтқан соң, ол осындай ой түйген.

Тұрсын Адагөзов пен Ляйсира Алагөзова жақында ресми түрде ажырасып, бар мүлікті екіге бөліп алған. Алайда кәсіпкер өзіне тиесілі үлесті де Ляйсира мен перзенттеріне бергенін айтады.

“Табысты адам ешқашан мойымайды. Кез-келген қиындықтан жол тауып, байлығын қайта көбейтетін амал табады. Сондықтан оларға бар мүлкімді өз еркіммен беріп кеттім”, – деп мәлімдеді Мақсатқызының сүйіктісі.

Естеріңізде болса, Тұрым Алагөзов экс-келінімнің жан дүниесі де нашар деп айыптаған еді. Тіпті, хал үстінде жатқан келіншегімнің жағдайын сұрауға да жарамады дейді ақсақал. Алайда Тұрсын Алагөзовтің экс-жарына реніші жоқ. Тіпті, кешірім сұрауға бірнеше рет бекінген екен. Бірақ Ляйсира жүздесуден бас тартқан.


“Өмір жалғасып жатыр. Көңілдің жарасы жазылуы үшін уақыт қажет. Күндердің күнінде бұл да көрген түстей өте шығады. Сол кезде бұрынғы жұбайымнан кешірім сұрайтын сәт те туатын шығар”, – дейді Алагөзов.

Бүгінде балалары Алагөзовтен теріс айналған. Тіпті, қызы Әмина құжаттағы тегі мен әкесінің атын да өзгертіп тастапты. Соған қарамастан, кәсіпкер болашақта балаларымен қайта табысатынына үміттенеді.