Мұндай пікірді Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым жөніндегі комитетінің төрағасы Байғаным Әйтімова білдірді, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі.
Үкімет пен Парламент алдына қойылған міндеттер Қазақстанды әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына енуін қамтамасыз етуі тиіс.
«Мемлекет басшысы жұмыспен қамтылған халықты, сондай-ақ халықтың осал топтарын қолдау саясатын жалғастыруда. Елді оқытудағы нақты қолдау — отанымыздың ақылды, әрі білімді ұрпағына деген қамқорлықтың көрсеткіші», — деді Бірғаным Әйтімова.
Оның пікірінше, мұғалімдерді моральдық және материалдық қолдау — тек ресми жалақыны көтеруде ғана емес, сонымен қатар педагогикалық шеберлікі жетілдіру және озық оқыту әдістерін тұрақты білу үшін ынталандыру.
«Хабарламада көрсетілген барлық әлеуметтік блок халықтың Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың елге жасайтын қамқорлығына деген сенімін арттырады», — деді депутат.