Алматыда 23 жастағы бойжеткенді жігіті мен достары пәтерге алдап апарып зорлаған - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда 23 жастағы бойжеткенді жігіті мен достары пәтерге алдап апарып зорлаған

Алматыда 23 жастағы бойжеткенді жігіті мен достары пәтерге алдап апарып зорлаған

Алматыда қаласында 23 жастағы қызды таныс жігіті алдап жалдамалы пәтерге апарып, зорлап тастаған.

  • 7 Наурыз 2018
  • 4344
Фото - Caravan.kz

Ал оның жанында болған екі досы жәбірленушіні ұрып-соққан. Соның салдарынан қыздың миы шайқалып, мұрны сынған. Әйтседе, әбден шошып қалған қыз болған оқиғаны жақындарына бірден айтпапты. Бәрі мәлім болған сәтте ғана іске туыстары кіріскен. Анасы тергеушілер сезіктіні қамауға алуға аса құлшынып отырған жоқ дейді.Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы мәлімдейді.

«Ештеңе айт алмадым қорықтым. Мазам да болмады» – дейді

Көз жасы көл болған Индира Байәділованы қаңтардың 29 күні таныс жігіті анасынан киноға барамыз деп сұрап алып кетіпті. Сосын ағаммен таныстырамын деп алдап, өзге пәтерге алып барған. Онда араққа әбден сылқия тойып алған екі досы күтіп отырған. Олар өызға тиісіп, тіпті біреуі соққыға жығыпты. Соққының күтшті болғаны соншалық, естен танып қалған. Пәтерде қамап ұстап, айтқанымызға көнбесең бұл арадан тірі шықпайсың деген жігіттердің бір өзі арам ойын іске асырып тынған. 

«Рүстем біраз сағаттан кейін шығарып тастады. Шығарып, дос баласының үйіне әкелді. Мені алдады. Құлап түстім дей сал. Қорықтым мен, мамамның жүрегін ауыртып қоям ба деп. Анама ештеме айтпадым да» – дейді жәбірленуші Индира Байәділова.

Бет-ауызы көк ала қойдай болған Индира болған жайтты туыстарынан осылай жасырып қалған. Себебі, анасының жүрегі ауыратындықтан, салмақ салғысы келмеген. Үйіне келген сәтте жағдайы денсаулығы нашарлап,  жедел жәрдем шақырған. Миы шайқалып, мұрны сынғандықтан бір айға тарта ауруханада ем алған. Тек өз өзіне келгеннен кейін ғана әпкесіне зорланғанын айтыпты. Полицияға соққыға жығылғаны жайында ғана шағым түсірген. Анасы құқық қорғау қызметкерлерінің сезіктілердің телефон нөмірі, тіпті жеке куәлігінің көшірмесіне дейін тауып бердік дейді.

«Баланы тапсын, жазасын алсын. Басқа ештеңе демеймін. Мен қалай қиналсам, солай қиналсын. Тергеушілерге телефонын тауып бердім, олар тіпті іздеген де жоқ, телефондарын бердік» – дейді Индираның анасы Гүлнәр Төлендиева.

Тергеушіні қызмет орнынан таба алмаған туыстары тек телефон арқылы ғана хабарласып жүрген. Барлық мәліметтер қолдарында бола тұра, іздемей отыр деп күйінуде. айтқандарына  дәлел болсын деп  Индираның әпкесі Сымбат Тұрғанбаева тергеушімен сөйлескен сөзінің таспаға жазылған нұсқасын ұсынды.


«Уже удостоверениесіне дейін бердік. Барлығы түгел ғой, ана бала 1988-ші жылғы, Ардақ деген. Мен білем ғой, Ардақтың ұрғанын. Ол Ардақ деген қазір Алматыда жоқ. Оперлар үйіне барды, кеше де барды. Күтті, қонды, аңдыды, жоқ. Сіздерді вообще түсінбей отырмын. Прокуратураға жазу керек пе? Жазыңыз, жазыңыз! Прокуратура іздемейді, Сіздерге тауып бермейді».

Бұл Индираның әпкесі Сымбат Тұрғанбаеваның тергеушімен сөйлескен сөзі.

Анасының қолқалауымен Индира зорланғаны туралы полицияға арыз түсірді. Бұл іс бойынша Ішкі істер органдарынан ресми жауап алу мүмкін болмады. Дегенмен, күдіктілердің кім екені анықталып, оларға іздеу жарияланыпты. Жалпы елімізде 1998 жылдан бері зорлық-зомбылық дерегіне қатысты сотқа тек 25 іс жеткенімен бірде-бір күдікті бас бостандығынан айрылмаған. Көбіне нәзік жандар жапа шеккенін дәлелдеу қиын болғандықтан жариялай бермейтін сыңайлы.  Бүгіннен бастап дағдарыс орталықтары одағы “150” сенім телефонын іске қосты. Теперіш көргендер осында хабарласып, құқықтық кеңес ала алады. Ал өмірін тас-талқаны шыққан Индира күдіктілер тиісті жазасын алады деп үміттенеді.

 

 

Оқи отырыңыз:

6 жасар қыз зорланғаннан кейін сары түсті Daewoo Nexia көліктері тексеріліп жатыр
Есік қаласында әйел зорлады делінген үш күдікті екі ай мерзімге қамауға алынды
Алматыда кішкентай қызды зорламақ болған педофил қолға түсті