Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.
Иә, әйгілі продюсердің мемуары дәл осы жиында басты тақырыпқа айналды. Қазақ өнеріндегі аға буынды арнайы шақырған актер Бауыржан Орда, «Қалжыңдаймын» атты су жаңа кітабын көпшілікке таныстырды. Бірақ, әзілкеш бүгінгі оқырманның талғамына көңілі толмайтынын айтады.
“Қазір халыққа керегі пыш-пыш әңгіме. Кіммен кім ұрсысты, кіммен кім ажырасты? Ондай пыш-пыш әңгімені теретін болса әрбір адамның өмір тарихы, кез-келген адамның өмірі кітап. Олай жазатын болса екінің бірі кітап жазып кетеді. Енді, ақшасы барлардың барлығы кітап жазып жатқаны рас!” – дейді актер Бауыржан Орда.
Бүгінде Баян Алагөзова мен Ләйлә Сұлтанқызының автобиографиялық еңбектері, сөрелерде тез сатылатын отандық кітаптардың үздіктері қатарында деседі… Бірақ, оқырман қызығушылығын оятуға қауқарлы заманауи авторлардың туындыларын, қарапайым жұрт парақтауға құлықсыз…
“Елдің алдында жүрген азаматшалар болғаннан кейін, әрине халықтың алдында жүрген адамның өмірі қызықтау… Не істеді? Не үшін ажырасып кетті? Неге үйтті екен деген қызық та… Мен мысалы оқығанда одан не сабақ аламын, білмеймін шынымды айтсам. Сабақ алатын кітап болса ғана оқуға болады”, – дейді Жанатбек Бәйтеков.
Ал, тұсаукесерге келген продюсер Аружан Саин, Алагөзованың тырнақалды туындысындағы түпкі мақсатты өзінше топшылайды.
“Баянның жеке өміріндегі келеңсіз жайттарды кітап бетіне түсірудегі мақсаты, өзінің аудиториясымен тілдескісі келген сияқты. Өйткені өте танымал болғандықтан, соңынан ерген өтірік-шыны аралас қауесеттің санында шек жоқ. Сондықтан, жеке басындағы түрлі қиындықтарға қалай төтеп бергенін, халыққа ұтымды жеткізе білді деп ойлаймын”, – дейді Аружан.
Оқи отырыңыз:
Жұбаныш Жексенұлы ұлын орыс қызына үйлендіріп, дүркіретіп той жасады
Қазақстанда жүргізуші куәлігін онлайн ауыстыруға болады
Тоқал атанған ақын Құрманай Бақтиярқызы 12 жас кіші жігітке ұл туып берген