Депутат: бірінші әйелінің рұқсатынсыз екінші әйел алған еркектер сотталуы керек - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Депутат: бірінші әйелінің рұқсатынсыз екінші әйел алған еркектер сотталуы керек

Депутат: бірінші әйелінің рұқсатынсыз екінші әйел алған еркектер сотталуы керек

Бірінші әйелінің рұқсатынсыз екінші әйел алған еркек сотталуы керек. Египетте парламент депутаты Абла Хавари осындай заң жобасын қабылдауды ұсынады.

  • 14 Наурыз 2018
  • 465
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Baq.kz ақпарат агенттігі укроп.org сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Дайындалып жатқан құжатқа сәйкес, бұл құқық бұзушылық үшін 6 айға бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауапкершілікке тартылу керек.

«Көп әйел алушылықты жою керек, бірақ әлі күнге дейін оған қол жеткізе алмай келеміз. Әзірге бірінші және екінші әйелдің құқығын қорғауды қадағалайтын механизм ойлап табуымыз керек», — дейді депутат.

Оның айтуынша, Египетте көптеген әйелдер жұбайының өзінен басқа да жұбайлары бар екенін білмейді және бірінші некеден туған балалар да екінші некеден туылған басқа да бауыр-қарындастары бар екенін білмейді. Отағасы өмірден озып, жылжымайтын мүлікті бөліскен кезде әртүрлі мәселелер туындайды.

Оқи отырыңыз:

БҰҰ Фейсбук желісін дінаралық өшпенділікті өршітті деп айыптады

"Мені уахабистер пышақтады" — Құлсары тұрғыны