Баян Алагөзова Аягөздегі су тасқыны жайлы: Жемқорлық пен шенеуніктердің ұятсыздығын қалай тоқтатуға болады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Баян Алагөзова Аягөздегі су тасқыны жайлы: Жемқорлық пен шенеуніктердің ұятсыздығын қалай тоқтатуға болады

Баян Алагөзова Аягөздегі су тасқыны жайлы: Жемқорлық пен шенеуніктердің ұятсыздығын қалай тоқтатуға болады

Баян Алагөзова Аягөзде су тасқынынан зардап шеккен халық үшін алаңдаушылық білдірді.

  • 15 Наурыз 2018
  • 464
Фото - Caravan.kz

Танымал продюсер мемлекеттен бөлінген қаражатты қалтаға басатын шенеуніктерді сынға алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

“Менің жаным мәдениет пен өнер үшін ауырмайтын болған, қазір менің жанымды жоқшылық мен заңсыздық ауыртады. Жыл сайын осы мәселе қайталана береді, бізде ол үшін жауап беретін адам жоқ. Мына бассыздық үшін адамдар жұмыстан кетеді, орнын жаңасы басады, арық пен көпірге ақша бөледі, бірақ ол қаржы біреудің қалтасына кетеді. Бұл қашанға дейін жалғаса бермек? Жемқорлық пен шенеуніктердің ұятсыздығын қалай тоқтатуға болады? Мен бұл адамдарға көмектесе алмаймын, бірақ анық білетінім, келесі жылы тағы да тасқын болып, тағы да біреу сөгіс алады. Бірақ одан жағдай жеңілдемейді, керісінде ауырлай береді”, – деп жазды Баян Instgram-дағы парақшасында.

Желі оқырмандары Баянның сөзіне риза болып, қоғамдық мәселеге назар аударғаны үшін продюсерге алғыс білдіріп жатыр.


Оқи отырыңыз:

Батыс Қазақстанда мектептегі үзіліс кезінде қазақ күйлері орындалады

Қостанайда оқушы қызды анасы пышақтап тастады