ОҚО-да 85 жастағы әжей мас ұлын пышақтап өлтірді - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ОҚО-да 85 жастағы әжей мас ұлын пышақтап өлтірді

ОҚО-да 85 жастағы әжей мас ұлын пышақтап өлтірді

Мас ұлы әдеттегідей анасын ұрмақ болған.

  • 19 Наурыз 2018
  • 76
Фото - Caravan.kz

85 жастағы әже мас ұлын пышақтап өлтірді. Оқиға Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы, Ақсукент ауылындағы жеке үйлердің бірінде болған, деп хабарлайды otyrar.kz.

Оқиға 15 наурызда болған. Осы күні әжей үйіне тәртіп сақшыларын шақыртады. Полицейлер 55 жастағы ер адамға ескерту жасаған. 

Тәртіп сақшылары кеткен соң, әжейдің ұлы тағы да арақ ішіп, анасына тиіскен. Мас ер адам анасын ұрып-соққан. Қорғанбақ болған әжей ұлына 3 рет пышақ тығып, өлтірген. 

"Тәртіп сақшыларын қарияның өзі шақыртқан. Көршімізге обал болды қартайған шағында қылмыскер атанып. Жақсы әжей өзі. Бірақ байғұс перзентінен ешқандай жақсылық көрмеді", – дейді көршісі. 

Жергілікті полиция қызметі болған жағдайды растады. Әжей бір күн қамауда болған соң, үйіне қайтарылған. Қазір ол үй қамақта отыр.


Оқи отырыңыз:

Кезінде құпия саналған орыс офицерінің жазбасынан Махамбет Өтемісұлы турлы жаңа дерек табылды

Сарыағаштық 7 жасар бала оқиғасы. Бір апталық шолу

"Канелоны" қорғамаймын — WBC президенті Альварестің допинг дауы жайлы