"Канелоны" қорғамаймын - WBC президенті Альварестің допинг дауы жайлы - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Канелоны" қорғамаймын - WBC президенті Альварестің допинг дауы жайлы

"Канелоны" қорғамаймын - WBC президенті Альварестің допинг дауы жайлы

6 наурызда "Канелоның" қан құрамынан кленбутерол табылған еді.

  • 19 Наурыз 2018
  • 138
Фото - Caravan.kz

Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) президенті мексикалық Маурисио Сулейман Forbes басылымына берген сұхбатында өз отандасы Сауль "Канело" Альварестің Геннадий Головкинмен өтетін екінші жекпе-жегінің алдында допинг сынамасынан өте алмағаны туралы пікір білдірді, — деп хабарлайды Vesti.kz порталы. 

6 наурызда "Канелоның" қан құрамынан кленбутерол табылған еді.Ресми! Сауль Альварес допингпен ұсталды Мексикалықтың командасы мұны боксшының бұзылған еттен пайда болған салдары деп түсіндірді. Алайда соңғы үш допинг сынамасынан ештеңе шыққан жоқ. 

"Ол өз еркімен "Таза бокс" бағдарламасына келді және жекпе-жек алдында VADA ұйымында тексеріліп тұрады. Мұны тосынсый деп қабылдаған жөн. "Таза бокс" бағдарламасы өз жұмысын тиянақты атқарып жатқанын түсінуге болады", — дейді Сулейман. 

Ұйым президентінің айтуынша "Канело" мен оның командасы жекпе-жек алдында осындай дау-дамай туғызғаны үшін жауап беру керек пе дегенге де пікір білдірді. 

"Әрине. Бұл деңгейдегі спортшының командасы беделді болуы керек. Алайда оның қарапайым адам екенін де естен шығармаған дұрыс. Ол Мексикада көп болады, әр түрлі шараларға қатысады. Бәлкім, бір стейктен немесе бір такодан болуы әбден мүмкін. Альварес қорғайын деген ойым жоқ. Біздің ұйым мен Альварес арасында дау-дамайлар болды. Бірақ дәл осы жағдайда салқынқандылық танытып, әділ болғанымыз дұрыс", — дейді ол.

Оқи отырыңыз:

Ресми! Сауль Альварес допингпен ұсталды

Альварестің бапкері Головкинді жеңу жолын айтты

Головкин "Канелоны" жеңетініне сенімді

Альварес Головкинді нокаутқа жіберемін деп отыр

 

Соңғы жаңалықтар