Тұрсын Алагөзовтың ұлы әкесінің 20 наурыз күні Instagram желісіне қалдырған хабарламасына жауап берді. Ол әкесін не үшін пәтерден шығарғысы келетінін түсіндірген, деп хабарлайды Today.kz.
Арсен Алагөзов өз сөзін электронды пошта арқылы таратқан.
"Әке, өзіңнің @tursen_alaguzov аккаунтыңда маған хабарлама қалдырыпсың. Неге? Менің ұстанымым мен құндылығым жайлы жақсы білесің. Екі жылдың ішінде үндемей келдім, айтатын сөзім жоқ болғандығынан емес, отбасы бұл – қорған, оны қорғау керек, егер бірдеңе болса, өз адамдарыңның арасында шешу керек.
Біз, мен, Әмина және анамыз сені жаңа өміріңе жібердік. Сенің сезімің мен бізбен сөйлескің келетінін БАҚ пен әлеуметтік желілер арқылы ғана біліп жүрміз. Кетеріңде көптеген шешімін таппаған сұрағың мен орындалмаған уәдеңді қалдырдың, осы уақыт ішінде біз соларды шешумен айналыстық. Аяқталмаған бірқатар іс өз шешімін табуды күтіп тұр, сондықтан мемлекеттік органдарға жүгінуді жөн көрдік", – деді Арсен Алагөзов.
Ол дау болған пәтердің қалай алынғанын да түсіндіріп өткен. Тұрсынғали Алагөзовтың ұлы әкесін сотқа берді
"2017 жылдың қазанында саған бөліп төлеуге алынған сатылғанға дейін жалдамалы пәтер болып есептелетін пәтерде (Esentai) тұратының жөнінде құжаттар жіберілді. Болған оқиғаның салдары пәтерді салушыға қайтарып, 2017 жылдың қарашасындағы пәтер келісімшартын бұзу туралы шешімнің қабылдануына әкелді. Сен пәтерді босатқан жоқсың, сондықтан жалдамалы пәтер құнын төлеуге мәжбүр болдым, сосын сотқа мәжбүрлі түрде пәтерден шығару жайында арыз жаздым. Өйткені пәтерді салушыға қайтарып, бұрын жүргізілген келісімшартты бұзу керек.
Әке, кейде уақыт сондай тез өтеді. Бәрін түсіну үшін санаулы күн қажет. Мен 2016 жылдың жазында-ақ бәрін түйсініп қойғам, сол кезде таңдау жасадым, сенің өз өмірің бар, менің өз өмірім бар", – деді Арсен.
Естеріңізге салайық, Баян Алагөзовтың күйеуі Тұрсын Алагөзовті пәтерден шығару үшін Тұрсынның ұлы сотқа арыз түсірген болатын.
Осыған жауап ретінде Тұрсын желідегі парақшасына жазба қалдырды.
"Уақыты келгенде, өз қателігіңді түсінерсің деп үміттенемін. Қалай болғанда да, қандай жайтқа тап болсаң да, мен сені жақсы көріп, саған көмектесетін боламын. Бұл жай ғана пәтер ғой, оны сатып алуға немесе айырбастауға болады. Ал ар мен намысқа бұлай жасауға болмайды", – деп жазған еді Тұрсын Алагөзов.
Аталған іс бойынша алдын ала тыңдалым 2018 жылдың 29 наурызында өтеді.
Оқи отырыңыз:
Баян Есентаеваның ғашығы өз бизнесін қазіргі әйелінің туыстарына беріп тастаған
Алагөзов ажырасқаннан кейін қалай өмір сүруде?
Тұрсынғали Алагөзовтің бұрынғы фирмасы көлік үшін оның туған інісімен соттасып жатыр