Бұл туралы «ҚазАқпарат» хабарлады.
«27 наурыз күні сағат 12:13-те Павлодардағы Бекхожин көшесінде орналасқан бір бөлмелі пәтерден өрт шықты. Тілсіз жау өрт сөндірушілер келгенше сөндірілді. Сағат 14:30-да облыстық ауруханаға 14 жастағы қыз бала жеткізілді, жасөспірім жеңіл түрде түтіннен улану диагнозымен ауруханаға жатқызылды»,-деп хабарлайды ТЖД баспасөз қызметі. ТЖД мамандарының айтуынша, өртке электр желілерінің қысқа тұйықталуы себеп болған.
Оқи отырыңыз: