«Ассалаумағалайкум, ардақты ағайын! Кешеден бері WhatsApp желісі арқылы таралып жатқан масқараны бір-бірімізден сүйінші сұрағандай, жерден жеті қоян тапқандай жаhанға жар салып, жарыса жариялап жатқанымыз жүректі ауыртады. (Хайперлердің «еңбегінің жемісі» ) Өзге ұлт өкілдеріне әбден күлкі болдық-ау! Айталық, наурыз мейрамы күні дастарқаннан сарқыт жинап жатқан ағайынды күлкі қылып, whatsapp, instagram, Fecebook желілеріне тараттық. Не үшін? Қазақты мазақ қылу үшін бе?! Бүкіл наурыз мейрамы бойы көзге ілінетін бір жақсылық, игі шара көрмедік пе?! Таратылып жатқан зиянды суреттер мен видеоларды жарияламауларыңызды, басқаларға таратпауларыңызды өтініп сұраймын. Мәселен, маған бір пайдасы жоқ видео келсе, дереу өшіріп тастаймын. Жамандыққа жәрдемші болу, күнәні көпке тарату күнәнің «атасы» екенін білейік. Телефондарыңыздағы барлық жаман видеоларды Алла разылығы үшін өшіріп тастауларыңызды сұраймын. Әсіресе, көпшілік көрсін деген мақсатпен instagram, youtube желілеріне жариялаған жандарды ұлт дұшпаны деп санаймын. Өрескел қателікке ұрынған адамның не, балалардың орнына өзіңізді, ата-анаңызды, бала-шағаңызды қойып көріңізші. Шыбын сасыған тезекке, ал бал арасы жұпар иісті гүлге қонады (құмар болады). Сіз де өз таңдауыңызды жасаңыз. Алла бәрімізді кешірсін!», – деп жазды әнші өзінің Instagram-парақшасына.
Оқи отырыңыз:
ОҚО-да құрғақшылық болуы мүмкін
Кемеровода қаза болғандар тізіміндегі үш адам тірі болып шықты
Жеңіліп көрмеген америкалық боксшы Головкинмен жекпе-жекке шыққысы келеді