Шымкентте балмұздақтан уланғандар саны 188-ге жетті - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
0 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте балмұздақтан уланғандар саны 188-ге жетті

Шымкентте балмұздақтан уланғандар саны 188-ге жетті

Ауруханаға түскен науқастардың 99 пайызы жедел жәрдем қызметі арқылы жеткізілген.

  • 2 Сәуiр 2018
  • 28
Фото - Caravan.kz

Шымкент қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына балмұздақпен уланып түскендер саны 188-ге жетті, деп хабарлайды Хабар 24.

28-29 наурыз күндері 36 адам стационарлық ем алуға жатқызылса, 30 наурыз күні балмұздақтан уланғандар қатары 79 болған. 31 наурыз күні дәл осындай диагнозбен 52 адам ауруханаға түссе, 1 сәуірде 20 адам шағымданып келген.

Шымкентте балмұздақтан уланғандардың саны 39-ға жетті

Шымкент қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері Ғалымжан Айнабековтың айтуынша, балмұздақпен ұшынғандардың басым бөлігі дәрігердің көмегіне дер кезінде жүгінбеген. Сөйтіп уақыт созып, жағдайларын ауырлатып алған дейді бас дәрігер. Ауруханаға түскен науқастардың 99 пайызы жедел жәрдем қызметі арқылы жеткізілген.

Кеше балмұздақтан уланғандардың алтауы керекті ем домын алып, жағдайлары жақсарған соң ауруханадан шығарылды. Бүгін бас дәрігердің сөзіне қарағанда, тағы 35-40 науқас үйлеріне жіберіледі. Жан сақтау бөлімінде жатқан науқастар да жалпы ем қабылдау палаталарына шығарылған.


Шымкенттегі балмұздақтан жаппай улану оқиғасынан соң облыс әкімі Ж. Түймебаевтың өзі жұқпалы аурулар ауруханасына арнайы келіп, науқастармен жүздесіп, хал-жағдайларын біліп қайтты және дәрігерлерге арнайы тапсырма берді.

Ұқсас тақырып:

Шымкентте 23 бала балмұздақтан уланып қалды