Маңғыстауда мемлекеттік қызметшілердің жалақысы 2 есеге өсті - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Маңғыстауда мемлекеттік қызметшілердің жалақысы 2 есеге өсті

Маңғыстауда мемлекеттік қызметшілердің жалақысы 2 есеге өсті

Ең төменгі айлық - 120 мыңнан басталады. Бұл өңірде пилоттық жоба ретінде енгізіліп отыр.

  • 9 Сәуiр 2018
  • 233
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Қазақпарат хабарлайды. 

Еңбекақы төлеудің жаңа жүйесі осы жылдың қаңтар айынан бастап жүзеге асырыла бастады. Нақты мәліметтер көрсетіп отырғандай, «Б» корпусының орташа жалақысы атқарушы қызмет үшін  ауылдық деңгейде  96%-ға,  аудандық деңгейде 105%-ға, облыстық деңгейде 80%-ға көтерілген. Ал,  басшылық қызмет үшін  ауылдық деңгейде  150%-ға,  аудандық деңгейде 158%-ға, облыстық деңгейде 143%-ға өскен.

Еңбекақының көбейгеніне қуанған қызметкерлер көп. Соның бірі Өмірзақ ауылының әкімі Ерғали Ескендіров.

Оның айтуынша, бұл бір жағынан мемлекеттік қызметтегі сапаны, екінші жағынан мамандардың әлеуметтік жағдайын көтереді. Осы салада 3 жыл жүргенін оның айлығы бұрын 150 мың болса, қазір 300 мыңға дейін өскен.

Жаңа жүйе Елбасымыздың 100 нақты қадам «Ұлт жоспарына» сәйкес енгізіліп отыр. 

«Өңірлер мен орталықтағы мемлекеттік қызметшілердің  жалақы көлеміне байланысты үлкен  айырмашылықты жою бойынша тапсырма берді. Бұрын орталық мемлекеттік қызметшілердің жалақысы 70 пайызға айырмашылық болатын. Қазір 10 пайызға қысқарды», — дейді ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облыстық департаментінің басшысы Нұргүл Жанназарова.

Жаңа төлем жүйесіне қойылатын талап басқа. Мәселен, енді лауазым мен еңбек өтіліне назар аударылмайды. Атқарған жұмысының нәтижесі мен мемлекеттік органға әкелген пайдасына байланысты төленеді. Маман негізгі лауазымдық еңбекақысынан бөлек бонустар алу мүмкіндігіне ие болады.  Олардың қаншалықты өнімді еңбек еткені бекітілген шкаланың көмегімен бағаланады.

Нұргүл Жанназарованың айтуынша, бұрын 1 лауазымда, 1 деңгейде жұмыс атқарған адамның барлығына біркелкі көлемде жалақы төленіп келді. Енді бұл лауазымдардың қандай жұмыс атқарғаны және жұмыс көлемі есепке алынып, сол бойынша ақы төленеді.  


Бағалау бойынша қызметкерлердің төрт санаты болады. Олар — «үздік», «нәтижелі», «қанағаттанарлық» және «нәтижесіз». Қосымша төлемге тек «үздік» және «нәтижелі» қызметкерлер ие болады. Қазір бұл жүйе талқылану үстінде және оның пробациясы келесі жылы үш органның үлгісінде жүргізілмек.

Департамент басшысының сөзіне қарағанда, жаңа жүйенің Маңғыстауға жүзеге асырылуының негізгі себебі, өңірде мемлекеттік қызметшілер саны аз. Қазір облыста 2789 маман бар. Әлі 500-ге жуық қызметкер жетіспейді. Сондықтан біздің аймақ пилоттық жобаны енгізіп отыр. Алайда, бұл салаға қызметке орналасу үшін талаптар да барынша күшейтілмек.

Ұқсас тақырыптар:

Министр: мұғалім жалақысының өсуі тест пен комиссияға байланысты

Елімізде орташа жалақы 160 мың теңгеден асты