Қазақстан 120 сарбазды бітімгерлік мақсатта Ливанға жібереді - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан 120 сарбазды бітімгерлік мақсатта Ливанға жібереді

Қазақстан 120 сарбазды бітімгерлік мақсатта Ливанға жібереді

Қорғаныс министрлігі өз әскери қызметшілерін бітімгерлік миссиялардың біріне жібермек.

  • 9 Сәуiр 2018
  • 104
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін ҚР қорғаныс министрінің орынбасары Талғат Мұхтаров мәлім етті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.  

"Біз қазір бөлімшені бітімгерлік миссиялардың біріне жіберу үшін үлкен дайындық жұмысын жүргізіп жатырмыз. Бұған дейін біз бітімгерлік қызметке жекелеген офицерлерді штаб офицері, офицер-бақылаушы ретінде ғана жіберу арқылы қатысып келдік. Қазір барлық кезеңнен өттік, тек БҰҰ талап етіп отырған стандарттық процедуралар ғана қалды. Осы жылдың күзіне қарай – қыркүйек, қазан айларында 120 адамды болжам бойынша Ливанға жібереміз", — деді вице-министр.

Ол Қазақстанда бітімгерлік қызмет туралы заң қабылданып, кепілдік, қауіпсіздік секілді әлеуметтік мәселелер келісілгенін атап өтті.

"БҰҰ-мен етене жұмыс істеп жатырмыз. Мен өзім Ливанда болдым, бітімгерлік миссия жүргізетін төңіректі көріп қайттым. Бұл бейбітшілікті қолдау бойынша бітімгерлік миссиясы", — деді Мұхтаров.


 

Оқи отырыңыз:

Дәрігерлер: Ақтөбеде автобусқа шабуылдан жараланған адамның жағдайы ауыр
Әскердегi қыздар санын көбейту ұсынылды
Күйеуімен ұрсысқан әйел көпірден секірмек болды- Ақмола облысы