Оралда қайын атасы немересі үшін келінін бауыздап өлтірді - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
0 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оралда қайын атасы немересі үшін келінін бауыздап өлтірді

Оралда қайын атасы немересі үшін келінін бауыздап өлтірді

Бұл жантүршігерлік қылмыс 8 сәуірде, түстен кейін болды. Семей қаласының тұрғыны Ақерке Козыкешева екі жасар баласын күйеуінен алу үшін Оралға келген. Ақерке кішкентай ұлын қатты көргісі келіп Оралға барған. Ол баланы  оңайлықпен бермейтінін біле тұра күйеуіне барды.

  • 12 Сәуiр 2018
  • 125
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы uralskweek.kz хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Қайтыс болған қыздың туысы Семейден келіп марқұмның денесін туған жеріне алып кетті. Олар үшін бұл жағдай қатты соққы болды. Марқұмның екі туысы, қарындастарының өмірін баяндап, көз әрең жасырып отыр.

«Біз Ақеркені мәйітханада көргенде, оны танымай қалдық. Қарындасымның бетінің сау тамтығы жоқ. Беті- басы бәрі сынған, денесі соққыдан көгеріп кеудесі пышақталған. Сот сарапшысы Еркеміздің барлық қабырғалары сынғанын айтты. Оны неліктен сонша ұрды? Не үшін өлтірді? Ол мейірімді, көңілді жан еді. Оған ашуланатынай, мен оның біреу-міреуге дауыс көтермегенін көрген емеспін», – дейді қыздың анасының кіші ағасы Ержан Сарқытбеков.

Қаракөз қарындасынан айырылып қалған Ержан Ақерке Шығыс Қазақстанда туып-өскенін және Семейде анасымен бірге тұрғанын айтты.

Марқұм 2015 жылы Орал қаласының тумасы Саят Қозыкешов есімді жігітпен танысып, оған тұрмысқа шықты.2016 жылы отбасыда Алишер атты ұл бала дүниеге келді.

Содан кейін күйеуінің ата-анасы немерелері Алишерді өзіміз қараймыз деп, Ерке мен оның күйеуін Ақсайға ақша табу үшін баруға көндіре бастаған. Марқұм ана күйеуімен бірге Ақсайға барып жұмыс істеуге келісімін берді. Ол жұбайы Саятпен бірге Ақсайда жұмыс істеп жүргенде Ерке анасына қоңырау шалып, күйеуінің кейде оны ұрып-соғатынын айтып шағымданған. Ал  Саяттың ата-анасы болса келіндерін қорғамау, әрқашан ұлдарының сөзін сөйлеген.

2017 жылдың қазан айында Ақерке сол білегінен пышақ жарақатын алып Ақсай қаласындағы ауруханаға түсті. Бұл жөнінде Бөрлі аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері рапорт құрастырды. Кейін Ақерке дәрігерлерге күйеуінің жарақаттағанын айтқан. Кейін өз сөздерінен бас тартып, полиция қызметкерлеріне пышақпен өзі жарақаттанып қалғанын түсіндірген соң іс жыбылған.

Біраз уақыттан кейін Саят жұмысқа кететінін айтып, хабарсыз кеткен. Сонымен қатар ол қоңырауларға жауап беруін тоқтатты, – дейді Ержан. Ал Ерке болса күйеуінің Оралдағы ата-анасына барады. Олар марқұмға ұлдарының  онымен бірге тұрғысы келмейтінін айтты. Саяттың ата-анасы Еркеге Семейге қайтуын өтініп, Әлішерді өздерімен бірге тұрады деген.

Содан кейін Ақерке анасы Бибігүл Ермұханова шақырып, ол Семейден Оралға келді. Екі ай бойы қыз баласын көре алмаған. Себебі күйеуінің ата-анасы айқайлап, оны үйден қуып шыққан. Ақерке қорғаныш  органдарына, полицияға және прокуратураға жүгінген. Ол әрең дегенде өз құқығын қорғап, 2018 жылдың ақпан айында Алишер мен анасымен бірге Семейге кеткен.

Содан кейін  Саят Семейге келіп, Ерке мен Бибігүлден кешірім сұраған. Ол ата-анасымен бірге тұрмайтынын айтып, отбасымен бірге Семейде қаламын деген екен. Ерке күйеуінің сөзіне сеніп, олар Алишермен бірге ойын-сауық орталығына барып, серуендеген.


Кейін күйеуі әйеліне сұлулық салонына барып, тырнақ жасатып ал деп ұсынған. Аңғал ана жұбайының сөзіне сеніп, оның ұсынысынан бас тартпаған. Ақерке бір сағат өткеннен кейін салоннан шықса, күйеуі оның телефонын алып, ұлын ұрлап кеткен.

Саят баласын алып Оралға кетіп қалған. Ол анасына ұлын бермеген соң, марқұм қыз баласын қайтарып алу үшін сотқа арызданған. Біраз уақыттан кейін Ақеркеге соттан хабарлама келген. Онда ол баласымен кез келген уақытта кездесе алатыны, сондай-ақ сәбидің кімнің қолында қалатынын ерлі-зайыптылар өзара шешіп алулары керек делінген.

2018 жылдың 6 сәуірінде Ақерке Қозыкешова Орал қаласына келді. Ол теміржол вокзалына жақын маңда хостел жалдап тұрған. Марқұм қонақ үй қызметкерінен ұлымен және күйеуімен  кездесетінін айтып, бір күнге пәтер тауып беруін өтінген. Ақерке екі күн бойы күйеуіне хабарласқан. Ал жұбайы Саят 8  сәуірде ұлын пәтерге алып келетінін және мәселенің басын ашып сөйлесетіндерін айтқан. Ерке күндіз екілер шамасында хостелден шығып кеткен. Сол күні, сағат бесте  БҚО ІІД-не оның қайын атасы Асылбек Омаров келіп, келінін бауыздап тастағанын айтқан.

«Тергеуші бізге Асылбек «қызымызға Әлішерді бермеу үшін өлтіргенін айтып» мойындады дейді. Бірақ мен оған сенбеймін. Ол жалғыз болған жоқ, Оған Саяттың да қатысы бар. Асылбек қырындасымды ас үй пышағымен өлтіргенін айтты, бірақ пәтерден қанды пышақ табылмады.Ол пышақтардың барлығы жуылып қойған. Ешқандай жерде саусақ іздері жоқ. Неліктен?», – дейді Ержан Сарқытбеков.

Марқұм Ақерке Қозыкешеваның туыстары Әлішерді әкесінің отбасынан алып, Семейдегі әжесінің тәрбиесіне беруді сот арқылы шешуге ниетті.

Ұқсас тақырыптар:

Қызылорда облысында ұлы мүгедек-анасын өлтірді

Қостанайдағы оқушы өлімі: Күдікті анықталды

Қостанайда оқушы қызды анасы пышақтап тастады