Таразда 10 жасар жеткіншекті зорлап, буындырып өлтірген жасөспірім жазадан жеңіл құтылып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Таразда 10 жасар жеткіншекті зорлап, буындырып өлтірген жасөспірім жазадан жеңіл құтылып кетті

Таразда 10 жасар жеткіншекті зорлап, буындырып өлтірген жасөспірім жазадан жеңіл құтылып кетті

Таразда 10 жастағы жеткіншекті зорлап, буындырып өлтірген жасөспірімге қатысты сот үкімі шықты.

  • 13 Сәуiр 2018
  • 69
Фото - Caravan.kz

Өзінен үш жас кіші балаға ажал құштырған ол енді бір жылын ерекше режимдегі арнайы мектепте өткізуі тиіс. Оның колонияға жіберілмеуіне қылмыс жасаған кезде 14 жасқа толмағандығы себеп, деп хабарлады КТК арнасы. 

Бүкіл елді дүрліктірген оқиға өткен жылдың қараша айында болған еді. Із-түссіз жоғалған 4-ші сынып оқушысының өлі денесі балабақша маңындағы топ ағаштың арасынан табылған. Кейін соның мектебіндегі 7-ші сынып оқушысы басты күдікті ретінде ұсталады. Өйткені екеуінің бірге ойнап жүргендерін көргендер болды. Тексеру нәтижесінде, Никитаның зорланғаны әрі тұншықтырылғаны анықталған. Және екеуі де желім иіскеген. Бірақ 13 жастағы Николайдың кінәсі толық дәлелденіп, тіпті өзі де мойындағанымен, ол қылмыстық жауапқа тартылмады. Ал судья анасынан ерте айырылып, маскүнем әкесімен елеусіз өскен жасөспірімге жаза тағайындау оңай болмады дейді. Фемида өкілі шешім шығарарда қылмыскердің қиын тағдырына баса мән берген.

«5 жастан 13 жасқа дейін оның ешкімі болмаған. Өзі де, өмірі де адам баласын қызығарлықтай емес. Ол маған «не істейсің» дегендей аянышты көзбен қарап тұрды. Прокурорлар екі жыл сұраған, ал мен бір жыл жаза кестім. Енді ол Шығыс Қазақстандағы ерекше режимдегі арнайы мектепте 12 ай болып келеді»,– дейді сот төрағасы Тахмина Сұлтанова.


Ұқсас тақырыптар:

Алматы облысы тұрғыны қызын зорлаған азғынға кешірім бермекші
Туған қызын 626 рет зорлаған азамат ұсталды
Мас дәрігер дәрменсіз жатқан науқас әйелді ауруханада зорлап тастаған