Астанада балмұздақтардан зиянды бактерия табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада балмұздақтардан зиянды бактерия табылды

Астанада балмұздақтардан зиянды бактерия табылды

Тексеру барысында балмұздақтың екі түрінен ішек таяқшалары тобының бактериялары табылды.

  • 28 Сәуiр 2018
  • 26
Фото - Caravan.kz

Астанада микробиологиялық көрсеткіштерге сай келмейтін ТМ «Bаmbino» балмұздағы анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің баспасөз-қызметіне сілтеме жасап.

«2018 жылдың 7-9 сәуірінде және 23 наурызында шыққан өнімдерді тексеру барысында балмұздақтың екі түрінен 0,01 г ішек таяқшалары тобының бактериялары табылды. Шығарылған күні де жазылмаған»,-деп хабарлайды ведомство.

Сонымен қатар өнімнің барлығы Сарыарқа ауданы, Тайбурыл көшесі 7 мекенжайында орналасқан дүкенде сатылып кеткен.

Микроорганизмдер табылған аталмыш балмұздақ өндіріс цехынан да шықты. Сонымен қатар бірқатар санитарлық-гигиеналық талаптардың өрескел бұзылу фактілері тіркелді. Осыған байланысты балмұздақ өндіруші «Баннұр НС» ЖШС-на әкімшілік шаралар қолданылып, талаптарды сақтау бойынша мерзім берілді. Аталған мерзім ішіндегі талаптардың орындалуы департамент бақылауына алынды.

«Банур НС» ЖШС дайын өнімдері «Аружан», «Керуен», «Керуен Сити», «Азия-парк», «Хан шатыр», «Сарыарқа», «Мега SW» және басқа жерлердегі сауда нүктелерінде сатылады.


Ведомство тұрғындардан «Банур НС» ЖШС өндіретін ТМ «Bаmbino» балұздағының 2018 жылдың 5-9 сәуірінде және 23 наурызында шыққан өнімдері анықталған жағдайда тел. 31-71-39, факс: (8-7172) 31-61-10; e-mail: astana.dooz@mz.gov.kz байланыс телефондарына хабарлауын сұрайды.

Оқи отырыңыз:

Қазақстандық фильм «Орталық Азияның үздік фильмі» жүлдесіне ие болды

Әлия Назарбаева қазақстандық бизнесмендерге кеңес берді

Шығыс Қазақстанда 7 адам отырған қайық Ертіске батып кетті