Қазақстанның сыртқы қарызы 14 триллион теңгеден асып жығылды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның сыртқы қарызы 14 триллион теңгеден асып жығылды

Қазақстанның сыртқы қарызы 14 триллион теңгеден асып жығылды

Қазақстанның 2018 жылдың наурызындағы мемлекеттік қарызының жиынтығы - 14,8 триллион теңге.

  • 11 Мамыр 2018
  • 130
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Tengrinews.kz Finprom.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Мемлекеттік қарыз 20,9 пайызға (12,3 триллион теңге болатын) өскен. Елдің мемлекеттік қарызының жиынтығы — мемлекеттік қарыз — 14,3 триллион теңге (бір жылда 20,1 пайызға артқан), кепілдендірілген мемлекеттік қарыз — 428,5 миллиард теңге (59,4 пайызға өскен) және мемлекет кепілдігімен алынған қарыз — 37,8 миллиард теңге.

Сонымен қатар, мемлекеттік қарыздың өсуіне негізгі себеп — ҚР үкіметінің ішкі қарызы (салыстырмалы үлесі — 39,5 пайыз). Бір жылда ол 30,9 пайызға өскен — 4,4-тен 5,7 триллион теңгеге дейін. Ал сыртқы қарыз айтарлықтай өзгермеген — 0,1 пайыз немесе 5 миллиард теңге. Соңғы бес жылда мемлекеттік қарыз 3,7 есе (10,8 триллион теңге) артқан — 4-тен 14,8 триллион теңгеге дейін.


Қарызға қызмет көрсетуге 2018 жылдың алғашқы тоқсанында 156,7 миллиард теңге бөлінді, бұл былтыр көрсеткішпен салыстырғанда 21 пайызға артық (129,5 миллиард теңге болған).

Сонымен қатар, мемлекеттік бюджеттің жалпы шығыны — 2,4 триллион теңген (бір жылда13,5 пайызға артқан). Қарызға қызмет көрсету шығыны 6,5 пайыз (былтыр 6,1 пайыз болатын).

Соңғы бес жылда мемлекеттік қарызға қызмет көрсету 3,5 есе (328,4 миллиард теңге) арқан, 130,5-тен 458,9 миллиард теңгеге дейін.