Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Тележұлдыз әлемде мұсылмандарға қарсы әділетсіз жайттардың орын алып жатқанын атап өтті.
“Барлықтарыңызға сәлем! Ассалаумағалейкүм, бұл Алексей Казак! Күннен күнге мұсылмандарға қарсы агрессия өршіп барады. БАҚ сақалды азаматтар мен хиджаб киген әйелдерден қорқуға және оларды жек көруге шақырып, жау ретінде көрсетуде. Әр күнәға мұсылманды кінәлайды. Ал көбінесе дәл осы мұсылмандар терракттың құрбанына айналып жатыр. Өздерін “өркениетті” санап жүрген елдер лақтырған бомбаның астында мұсылмандар қалып жатыр. Ғаламторда Жаратқанға, пайғамбарларға тіл тигізетін неше түрлі топтар ашылуда. Олардың барлығының мақсаты бір – арандату. Білесіздер, мен плавослав дінін ұстанатын орыс жігітімін. Бірақ бұл менің де ауыртпашылығым деп санаймын. Ынтамақтастықтың белгісі ретінде мен қасиетті Рамазан айында ораза ұстауға бекініп отырмын. Не күшті? Олардың бомбасы ма әлде біздің сенім бе?” – деді ол.
Бұл орайда әлемнің әртүрлі елдеріндегі мұсылмандар оған алғыс білдірді. Отандық танымалдардан Қыдырәлі Болманов Алексей Казакка деген ризашылығын жеткізді.
“Алексей бауырымның сөздері, ниеті қандай керемет! Алланың нұры жауып, жүрегін иман нұрымен нұрландырсын! Өзі басқа дінде бола тұрып, мұсылмндарға көрсеткен құрметі үшін Алла разы болсын! Мұсылман болып туылып, ораза ұстамайтын бауырлар, әлі де кеш емес. Мейірімді Алла мейірімді, кешірімді! Бүгінгі алғашқы тарауықта тілек-ниеттеріңіз қабыл болсын! Қасиетті оразада көл-көсір сауап, әр отбасына үйіп-төгіп бақыт, береке берсін”, – деді ол.
Оқи отырыңыз:
Еркектердің астына жатуға мәжбүрледі – жезөкше
Ресей жерін қайта бөліске салу: орыстар Самара мен Челябі қалаларын Қазақстанға «сыйға тартты
Кімді мазақ қып тұр? Оразада крест тағып кешірім сұраған Алагөзованың басы дауға қалды