Ұрланған қақпақтар Алматы сақшыларын алаңдатып отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
+1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ұрланған қақпақтар Алматы сақшыларын алаңдатып отыр

Ұрланған қақпақтар Алматы сақшыларын алаңдатып отыр

Алматы қаласының Ішкі істер департаменті канализация люктерінің қақпақтарын ұрлау фактілері туралы ақпарат таратты.

  • 17 Мамыр 2018
  • 23
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы  Baq.kz  порталы хабарлады. 

Жыл басынан бері Алматы қаласында осындай 35 қылмыс тіркеліп, оның 18-і іле-шала, дереу ашылған.

«Әңгіме коммуналды мүлікті ұрлау туралы болып отыр. Бұл Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 188-бабының нормаларымен реттелетін, қылмыстық жазаға тартылатын іс. Осыған дейін қақпақ ұрлаушылардың құрықталып, әртүрлі мерзімге жазаға кесілгені аз кездескен жоқ. Қақпақтарды ұрлау кесірінен түрлі қауіп-қатер туындайды. Мәселен, жол-көлік оқиғалары, қайғылы жағдайлар және басқа да төтенше жағдайлар. Заңнамада ұрланған заттарды сатып алушы тұлғаларға да қылмыстық жауапкершілік нақты көрсетілген. Бұл жерде металл қабылдау орындарын айтып отырмыз. Металл қабылдаушы заңды құрметтейтін болса, өткізушінің канализация люктерінің қақпақтарын қайдан алғаны жайында ойлануы керек. Өкінішке қарай, көбіне ойланып жатпайды, сондықтан қылмыстық жауапкершілікке тартылады», – дейді Алматы қаласының ІІД-нің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Мұнымен қатар, тәртіп сақшылары қала тұрғындарына азаматтық ұстаным білдіріп, қақпақ ұрлау фактілеріне қатысты кез келген ақпаратты хабарлауды өтініп отыр.


 

Оқи отырыңыз:

Еркектердің астына жатуға мәжбүрледі – жезөкше

Ресей жерін қайта бөліске салу: орыстар Самара мен Челябі қалаларын Қазақстанға «сыйға тартты

Кімді мазақ қып тұр? Оразада крест тағып кешірім сұраған Алагөзованың басы дауға қалды