Бұл туралы өзінің желідегі жеке парақшасында жазды.
"Қалың көпшіліктің арасында тұрсыз.. Дәл сол сәтте сізге кім жымиып қараса міндетті түрде сіз де жымиясыз… Солай ғой?! Қабағын түйіп, ашулы тұрған адамға жоламауға, қарамауға тырысасыз… Туыстардың арасында немесе достардың арасында ашуланшақ біреу бар делік… Оны жақтырмайсыз, жолағыңыз келмейді…Сөзіңіз дұрыс болса да үндемейсіз, "бәлесінен аулақ" деп не айтса да келісе саласыз… Кез келген кештің шырқын бұзатын бәлеқор танысыңыз болса тіпті жаман… Шақырсаң лаңдатып кетеді, шақырмасаң бәлеге қаласың..Қай кезде де тек жамандық шақырып сөйлейтін де адамдар болады.."Өстіп жүріп ауырасың сен", "бір күні суық тиіп тұрмай қаласың", "жұмыстан шығарып жібереді", деген сияқты негатив шақырады да жүреді.. Онбайлар кездессе аузын ашпаса екен деп тұрасың…Инстада отырып алып та тек кінәрәт іздеп, негатив қана жазатын адамдар бар.. Олардың сосын көздері де өткір келеді…"Көйлегіңнің етегі кір екен ғой", фотошоппен әдемі боп тұр", "бес тонна бояу", "аяғың қисық", "құлағың дәу"… Қанша керемет сурет салсаң да шұқылап отырып тауып алады.. Ештеңе жақпайды.. Көйлек салсаң мақтаншақсың, тамақ салсаң надансың, көлік салсаң қаңғыбассың, қысқа кисең ұятсызсың, ұзын кисең ваxабиссің.. Жап жақсы комменттер оқып мәз боп келе жатасың да көңілің құлазып сала береді… Айдаладағы танымайтын адамға көңілің бірден суып кете салады.. Оларды
жек көресің, олардың энергиясы сізге ауыр. Керісінше үнемі тілеулес болып жүретін адамдар бар, коммент жазбай қалса іздейсің. Сын айтса да кешіріңізші деп мың рет кешірім сұрап алып айтады…Ондай адамдар жазған әрбір әріптен мейірім бұрқырап тұрады… Танымасаң да жақсы көресің.. Достардың арасында да сондай мейірімділері болады.. Жаның қиналса соны іздейсің. Оны сағынасың. Ол бәріне сүйкімді. Тек қуаныш сыйлап жүретін көңілді таныстар болады. Олармен араласқың келеді, іздейсің..Саған тілеулес болып жүретін жанашырларың болады, ал оларға сенесің. Сені жақсы көретін адамды қалай жек көруге болады, әрине сенде оны жақсы көресің. Жақсы адамдар өздеріне магнит құсап тартып тұрады. Жақсы энергия дегеніміз осы..Жан жағына тек жақсы энергия тарататын жақсы адамдардың қатарынан болайық. Жымиып жүріңіз, сонда бәріне сүйкімдісіз! Ораза қабыл болсын!"
Оқи отырыңыз:
«Екі ұлым келіндердің айтқанынан шыға алмады»: Қайыршы ата қалай жалғыз қалғанын айтып күрсінді
2017 жылы Қазақстанда ұл балалар көп туды – статистика
Елімізде қабірге биік құлпытас пен зәулім кесене орнатуға тыйым салынды