Қызылорда облысында менингит ауруы тіркелді - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылорда облысында менингит ауруы тіркелді

Қызылорда облысында менингит ауруы тіркелді

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында менингококк инфекциясының алғашқы жағдайы тіркелді.

  • 1 Маусым 2018
  • 82
Фото - Caravan.kz

Қатерлі дертке шалдыққан 1991 жылы азамат аудандық ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат

Қазіргі таңда науқастың денсаулығы бірқалыпты, дәрігерлердің бақылауына алынған.

Аталмыш жағдайға байланысты Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасы жанынан арнайы штаб құрылды. Мамандар эпидемияға қарсы және алдын алу шараларын ұйымдастыруда. 

«Науқаспен тығыз қарым — қатынаста болған 11 азамат анықталды. Қазір бұл кісілер дәрігерлердің қатаң бақылауына алынды. Менингококты инфекция сырқат адамнан ауа және тамшы арқылы таралатыны белгілі. Осы ретте, тұрғындар сақтық шараларына мән бергені дұрыс. Алдағы уақытта вакцинация жұмыстары атқарылатын болады», — деп мәлім етті Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Нұржамал Тұрсынбаева.

Оқи отырыңыз: 

Қоғамдық ұйымдар Зағипа Балиеваны "Асыл ана" деп атауды ұсынды 

Қазақстан Қытайға астықты жеткізу көлемін 1 млн тоннаға дейін ұлғайтуы мүмкін 

Алматыда ірі жол апатынан үш адам зардап шекті