Мүфти бокс пен ережесіз жекпе-жекті "харам" деп атады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мүфти бокс пен ережесіз жекпе-жекті "харам" деп атады

Мүфти бокс пен ережесіз жекпе-жекті "харам" деп атады

Тәжікстан үлемдер кеңесінің басшысы Саидмукаррам Абдулкодирзода бокс пен ережесіз жекпе-жекті "харам" деп атады.

  • 4 Маусым 2018
  • 29
Фото - Caravan.kz

1 маусымда Душанбенің орталық мешітінде жұма намаз алдындағы уағыз кезінде мүфти Абдулкодирзода «бокс пен ережесіз жекпе-жек діни тұрғыдан харам болып есептеледі, себебі бұлар денсаулыққа зиян келтіріп, адамды мүгедек етуі мүмкін. Ақша үшін ойналатын жарыстың бәрі дінге жат», – деген.

Оның сөзінше, тәжік жастары денені шынықтырып, рухани дамытатын спорт түрлерімен айналысуы керек. «Осындай спорт түрлерінен жастар жетістікке жетіп, елдің туын мақтанышпен көтеріп жүруі қажет», – деп атап өткен Абдулкодирзода.

Носир Азимов — 2012 жылы Лондон Олимпиадасында бокстан қола жүлде алған Мавзун Чориевтің бапкері. Оның сөзінше, бокс — ислам дінінде рұқсат етілген спорттің түрі. «Мұсылман елдері Иран, Сауд Арабия, Пәкістан және Дағыстанда жастары бокспен шұғылданады. Жарыстарға қатысады. Тіптен 1997 жылы халықаралық жарыстардың бірінде менің қарсыласым саударабиялық болған. Араб әлемінде әйелдерге бокс тыйым салынған. Ережесіз жекпе-жектің харам екенін естігем. Бірақ бокс харам емес», – дейді ол.

Тәжікстанда соңғы жылдары Үлемдер кеңесінің пәтуасы мен мәлімдемесі қоғамдық пікір-таласқа негіз болып жатады. Мысалы биыл Рамазан айының алдында Үлемдер кеңесі Рогун ГЭС -тің жұмысшылары ораза ұстамауына болады деген пәтуа шығарған. Бұл пәтуа әлеуметтік желіде қоғамды екіге "жарды".


 

Оқи отырыңыз:

Алматы облысында 19 жастағы қыз менингококк инфекциясынан қайтыс болды
Данияр Елеусінов өзін Головкинмен салыстыратындарға жауап қатты

«Әлем аруы-2018» байқауының жеңімпазы жол апатынан қаза болды