Менингококк инфекциясынан қалай сақтануға болады – дәрігерлер кеңесі - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Менингококк инфекциясынан қалай сақтануға болады – дәрігерлер кеңесі

Менингококк инфекциясынан қалай сақтануға болады – дәрігерлер кеңесі

Инфекцияның берілу жолы – ауалы-тамшылы, яғни жөтелгенде, түшкіргенде, сөйлегенде жұғады

  • 5 Маусым 2018
  • 561
Фото - Caravan.kz

ҚР денсаулық сақтау министрлігі менингококк инфекциясының алдын алу және оның алғашқы белгілері жөніндегі жадынамаларды таратты, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

Менингококк инфекциясы – ауруды белгісіз тасымалдаушы, назофарингит (мұрын мен жұтқаншақтың қабынуы), менингит (ми қабықтарының қабынуы) және менингококк сепсисі (қанның зарарлануы) секілді түрлі клиникалық белгілері бар жіті жұқпалы ауру.

Инфекцияның берілу жолы – ауалы-тамшылы, яғни жөтелгенде, түшкіргенде, сөйлегенде жұғады.

Белгілері: бастың қатты ауруы, шөлдеу, құсу, дене қызуының көтерілуі, қалтырау, бозару, тәбеттің төмендеуі, бөртпе, әлсіздік, арқа және аяқ-қолдардың ауруы.

Аурудың алдын алу үшін мынадай ережелерді сақтаған жөн:

— аурудың алғашқы белгілері (тамақтың қызаруы, дене қызуының көтерілуі, бастың қатты ауыруы, әлсіздік) пайда болған кезде дәрігерге көріну және басқа нұсқауларын орындау;

— түрлі мәдени-бұқаралық шараларға қатысуды, жүзу бассейндеріне баруды, ойын алаңдарына баруды шектеу, жеке тазалықты сақтау;


— ғимараттарды жиі желдетіп, күн сайын ылғалды тазалау жұмыстарын жүргізу;

— созылмалы инфекция ошақтары ЛОР ағзаларын тазалау;

— тек қайнаған немесе бөтелкедегі суды ішу;

— тоңудан, ашығудан, ұйқының қанбауынан, күйзелістен аулақ болу.

Ұқсас тақырыптар:

Қазақстанда 12 адам менингиттен көз жұмды

"Тиімсіз әрі шығыны көп". Министр менингиттен вакцинациялау туралы

Алматы облысында 19 жастағы қыз менингококк инфекциясынан қайтыс болды