Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлайды.
"Әсіресе адам көп жерде, қоғамдық көліктерде жақын тұрамыз. Сондықтан бірреттік бетперде тағып жүруге кеңес береміз. Көп мәрте қолдануға болатын бетпердеңіз болса, оны үтіктеп, жуып, қайта киіңіз. Бірретік бетпердені ары кетсе екі сағат қолдануға болады, ары қарай ол жарамсыз", — деді Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау Комитетінің төрағасы Бекшин Астанадағы брифингте.
"Бірреттік бетпердені қолданғаннан кейін тастау керек. Екі-үш сағаттан артық тағып жүру кеңес етілмейді, себебі тыныс алу кезінде дымқыл ауа тарайды, онда бактерия мен вирус көбеюі ықтимал. Сондықтан әрбір екі-үш сағат сайын бетперде ауыстыру керек. Бетпердені науқастар тағу керек дейтіндер де бар. Ауыратын адамдар қоғамдық көлікте жүрмеуі керек. Олар түрлі шараларға қатыспауы керек. Бетпердені негізінде ауырмау үшін тағады", — деді Бекшин.
Мұның алдында Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов 2018 жылы менингит жұқтырудың 58 жағдайы тіркелгенін мәлімдеген еді. 12 адам қайтыс болған, оның бесеуі балалар. Дерт жұқтырғандардың тізімінде 14 жасқа толмаған 18 бала бар.
Ұқсас тақырыптар:
Қазақстанда 12 адам менингиттен көз жұмды
"Тиімсіз әрі шығыны көп". Министр менингиттен вакцинациялау туралы
Алматы облысында 19 жастағы қыз менингококк инфекциясынан қайтыс болды