Бақытты ана болудың құпиясымен бөліскен Аиша жұртты күлдірді - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бақытты ана болудың құпиясымен бөліскен Аиша жұртты күлдірді

Бақытты ана болудың құпиясымен бөліскен Аиша жұртты күлдірді

Таяуда ғана қызды болып, үшінші мәрте ана атанған Аиша бақытты ана болудың құпиясымен бөлісті. Ол аталған тақырыпты қысқаша әңгімеге арқау еткен.

  • 8 Маусым 2018
  • 291
Фото - Caravan.kz

Назарларыңызға Аишаның қызықты әңгімесін ұсынамыз.

“Күндердің күнінде бір отбасы өмір сүріпті. Балалары көп, ақшалары аз. Анасы сондықтан көп жұмыс істейтін. Жұмыстан кейін тамақ әзірлеп, кір жуып, үй тазалайтын.
Әрине, ол қатты шаршайтын. Сол себепті балаларына жиі ұрсып, өмірге жиі шағымданатын.

Бір күні ол бұлай өмір сүруге болмайтынын, балалардың еш кінәсі жоқ екенін түсінеді. Сөйтіп, дана адамнан кеңес сұрайды. Қалай жақсы ана болуға болады?
Сол күннен кейін әйелді басқа адам алмастырғандай. Балалардың анасы өте бақытты көрінетін.
Бірақ отбасының ақшасы артқан жоқ, балалар да тәртіпті бола түскен жоқ. Дегенмен аналары енді оларға ұрыспай, жиі күлімсіреп жүретін болды.
Ол аптасына бір рет базарға сауда жасауға баратын. Сол кезде анасы міндетті түрде балаларына сыйлық әкелуді әдетке айналдырды. Ал үйге келіп, сыйлықтарын тарқатып болған соң, бөлмесіне кіріп, біраз уақыт оңашада отыратын. Ол осы уақытта өзін мазаламауды өтінген.

Ал аналарының бөлмеде не істеп жатқаны балаларына қашанда қызық болды. Бір күні олар тыйымға қарамай, бөлмеге кіріп барады. Ал аналары үстел үстінде тәтті мен шай ішіп отыр екен.


— Ана, не істеп отырсың? Біз ше? – деп шағымданған балаларға анасы:
— Тыныш балалар, тыныш! Маған кедергі болмаңдар. Мен сендерге бақытты ана әзірлеп жатырмын, – деген екен”.

Оқи отырыңыз:

Арал маңындағы тұзды аумақтар қалпына келтірілмек

Головкин IBF белбеуімен бірге тағы бір үлкен шығынға ұшырады