Баян Алагөзованың қызы Айсәуле Бақытбек Instagram-дағы жарнама үшін 1000 доллар алады - kaz.caravan.kz
  • $ 499.65
  • 582.89
+3 °C
Алматы
2025 Жыл
5 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Баян Алагөзованың қызы Айсәуле Бақытбек Instagram-дағы жарнама үшін 1000 доллар алады

Баян Алагөзованың қызы Айсәуле Бақытбек Instagram-дағы жарнама үшін 1000 доллар алады

Осы уақытқа дейін бұл бойжеткенді көпшілік Баян Алагөзованың қызы деп қана танып келді. Бүгінде Айсәуле Бақытбектің қалыптасқан өз есімі бар. 22 жастағы бойжеткен Instagram-да пайдалы посттар жазып, блогер ретінде атын шығарған. Бүгінде жарнама жасау арқылы соның жемісін көріп отыр.

  • 29 Маусым 2018
  • 242
Фото - Caravan.kz


Hommes.kz-ке берген сұхбатында Айсәуле желідегі жарнама арқылы қыруар пайдаға кенеліп отырғанын айтты.

“Instagram арқылы пайда табатынымды жасырмаймын. Әрине, мен парақшам арқылы ақша табамын және бұл әділетті деп ойлаймын. Себебі мен белсенді түрде парақшаммен жұмыс істеймін. Instagram-да сурет жариялау құны 1000 доллар, ал видео жариялау құны 1200 доллар тұрады. Бірақ егер менің парақшаммен таныс болсаңыз, жарнама көп жасамайтынымды білетін боларсыздар?! Себебі біріншіден, мен жарнамалайтын тауарға жіті мән беремін.

Мен құмар ойындарын, букмекерлік кеңселер мен казино деген сынды дүниелерді жарнамалаймын. Ешқашан да денсаулыққа зиян өнімдер мен жалған тауарларды салмаймын. Тіпті, Instagram-дағы танымал байқауларды тым құрығанда, тексеріп алмас бұрын жарнамалаймын. Жеке парақшама қатысты келіссөздерге өзім барып, келісім шарт жасаймын. Клиентпен өзім тілдесемін. Олардан қолхат аламын. Себебі мен парақшамды адамдарға қызықсыз коммерция алаңына айналдырғым келмейді. Сондықтан да мейлінше жарнама аз жасауға, тек оқырмандарыма пайдалы нәрсе көрсетуге тырысамын”, – дейді Айсәуле.

Перейти к новостям спорта