Бқл туралы 31 арна хабарлайды.
Тұрғындар азан шақырылып, құлшылық жасалатын Алланың үйінің қасына ашық-шашық жүретін демалыс орнын салдыртқан жергілікті биліктің әрекетін түсінбейміз дейді. Ал мешіт пен аквапарктің арасы шамамен 500 метр. Екеуін тек жол ғана бөліп тұр.
СЕРҒАЗЫ МҰСТАФИН, тұрғын:
– Бұл Алланың үйі ғой. Алланың үйіне қарама — қарсы тырдай жалаңаштану ол заңға да сәйкес емес, шариғатқа да жатпайды. Мешітте намаз оқылады, азан шақырылады. Ал ана жақта жалаңаштанып, ол дұрыс емес. Мен бұған ренжимін. Келіспеймін.
Тұрғындарды шулатқан аквапарк Астананың 20 жылдық мерекесіне тарту ретінде ашылған болатын. Шамамен бір жылдай салынған кешеннің құрылысы жартылай ғана біткен. Келесі жылы ғана толықтай аяқталмақ. Жобаға алты миллиард теңгеге жуық қаржы жұмсалған. Ал бұған дейін мұндай аквапарк Ақтөбеде болмаған деген билік кешенді Қызылорда мен Ақтауда дәл осындай аквапарк салған құрылтайшыларға ұсыныс беріп салдырттық деп отыр. Тұрғындардың кейбірі де «онда тұрған ештеңе жоқ» деп отыр.
БӘДЕГҮЛ КӨЛНИЯЗОВА, тұрғын:
– Маған ешқандай әбестігі жоқ сияқты. Сырты жабық, биік болған соң көрінбейді. Оның ешқандай кедергісі жоқ.
Оқи отырыңыз:
Айнұр Тұрсынбаева: колледж директоры тойға шақырып, ақшасыз қалдырды
Алматыда сабаннан жасалған алып Тиіннің құны 23 миллион теңгені құрады
Астана автобустары 21 шілдеден бастап жаңа тариф бойынша жүреді