Алматыда екі бала қарбыздан уланды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда екі бала қарбыздан уланды

Алматыда екі бала қарбыздан уланды

Алматыда супермаркеттен сатып алған қарбыздан екі бала уланып қалған.

  • 16 Тамыз 2018
  • 14
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде қалалық Қоғамдық денсаулықты сақтау департаментінің басшысы Айзат Молдақасымова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда 7-10 жастағы екі бала «Магнум» сауда үйінен сатып алған қарбызды жеп, уланып қалған», — деді Айзат Молдақасымова. Оның айтуынша, 10 тамызда Алматыда департамент мамандары «Көк базар», «Тастақ», «Жаңа Ақбұлақ» және «Кенжехан» базарларындағы бақша өнімдерінен сынама алған. Кейбір өнімдерде нитраттың жоғары екендігі анықталған. «Қазір бақша өнімдерін жинау науқаны жүріп жатыр. Сонымен қатар, сүт коктейльдері, балмұздақ өнімдері де жақсы сатылуда. Біз рейд жүргіздік. Тексеріс нәтижесінде сыналған қарбыздардың 19%-да, қауындардың 18,7%-ында нитрат көрсеткіші жоғары болған. Құйылмалы балмұздақ, квас 100 пайыз ластанған болып шықты», — деді Молдақасымова. Сонымен қатар, СЭС мамандары кесілген қауын, қарбызды алмауға кеңес береді. «Қауын-қарбыз алған кезде қай жерден сатып алатыныңызға мән беріңіз. Сатушыда сауда жасауға рұқсат етілген сертификат болуы шарт. Құйылмалы өнімдерді алған кезде, бір реттік ыдыстың болғанын талап етіңіз», — деді маман.