Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі ШЫХО-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Кеден қызметінің қызметкерлері, шекарашылар және экономикалық тергеу қызметінің Nokia мен Philips маркалы 205 ұялы телефон, 82 ішік (қаракүзен) және 111 келі дәрі-дәрмекті тәркілегені хабарланып отыр.
Қазіргі уақытта тәркіленген тауардың құнын анықтау бойынша жұмыстар жүріп жатыр. Сондай-ақ, бұл қылмысқа қатысы бар адамдар анықталу үстінде.