Бұл туралы әнші «Жетінші арнаның» «Өз ойым» бағдарламасында айтты, деп хабарлайды Stan.kz.
Нұрлан Әміровтың айтуынша, бүгінде оның 5 әйелінен 6 баласы бар. Әншінің сөзіне қарағанда, ол үш әйелімен айырылысыпты.
«Менің бес әйелім бар. Бір-бірімен араласады. Бірін-бірі біледі. Кішілері, тұрмысқа шығам дегендері шығып кетіп жатыр. Бірінші әйелім тұрмысқа кетті. Жібердім. Бір баламыз бар. Ол қазір келініммен бірге менің қолымда. Екіншісі де тұрмысқа кетті. Бір қызымыз бар. Үшіншісі менде. Төртіншісі де тұрмысқа кетті. Бесіншімен біргеміз», — дейді әнші.
Нұрлан Әміров тек үшінші әйелімен заңды некеге тұрғанын айтты. Ал ең кіші әйелі өзінен 20 жас кіші екен. Өз сөзінде ол әйелдерінің барлығын жақсы көргенін жасырмады.