Тәжікстан президенті Тоқаевқа көңіл айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
+3 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тәжікстан президенті Тоқаевқа көңіл айтты

Тәжікстан президенті Тоқаевқа көңіл айтты

Рахмон қазақстандық жасақтардың қайғылы оқиғаның салдарын жою кезіндегі жанкешті жұмыстарын ерекше атап өтті.

  • 27 Маусым 2019
  • 21
Фото - Caravan.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына Арыс қаласында болған қайғылы оқиғаға байланысты Тәжікстан Республикасының президенті Эмомали Рахмонның көңіл айту жеделхаты келіп түсті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

"Едәуір шығынға және кісі өліміне әкелген Арыс қаласында болған жарылыс туралы ақпаратты күйзеліспен қабылдадым. Өзімнің және тәжік халқының атынан Сізге және қаза болғандардың жақындары мен туыстарына көңіл айтамын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып, отбасыларына аман-есен оралуына тілектестік білдіремін",– делінген жеделхатта.

Тәжікстан президенті Қазақстан үкіметінің шұғыл қабылдаған шараларына тоқталып, қазақстандық жасақтардың эвакуация және қайғылы оқиғаның салдарын жою кезіндегі жанкешті жұмыстарын ерекше атап өтті.

Арыстағы жарылыс


24 маусым күні таңертең Түркістан облысы Арыс қаласындағы әскери бөлімде өрт шығып, қоймада сақталған оқ-дәрілер жарылды. Салдарынан үш адам көз жұмып, 160-тан астамы дәрігерлердің көмегіне жүгінген.

Түркістан облысында төтенше жағдай жарияланды. Қауіпсіздік мақсатында қала тұрғындары түгелдей жақын маңдағы елді мекендерге көшірілді.

Аталған оқиғаға қатысты "Қару, басқаларға қауіп тудыратын заттар мен нәрселерді сақтау ережесін бұзу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Кешке таман Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Арыс қаласына ұшып кетті. Мемлекет басшысы жарылысқа кінәлілердің заң жүзінде қатаң жазаланатынын айтты.