Құжат бойынша, мейрам күндерінің тізбесі төменде көрсетілген тармақтармен толықтырылды. Құжатқа премьер-министр Асқар Маминнің қолы қойылған. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстандағы мерекелік күндерінің толық тізімі мынадай:
- Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы күні — 10 қаңтар;
- Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерінің шектеулі контингентін шығару күні — 15 ақпан.
- Алғыс айту күні — 1 наурыз;
- Жерге орналастыру, геодезия және картография күні — наурыздың екінші сенбісі;
- Геолог күні — сәуірдің бірінші жексенбісі;
- Ғылым қызметкерлері күні — 12 сәуір;
- Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі күні — 21 сәуір;
- Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні — 17 мамыр;
- Мәдениет және өнер қызметкерлері күні — 21 мамыр;
- Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні — 31 мамыр;
- Химия өнеркәсібі қызметкерлерінің күні — мамырдың соңғы жексенбісі;
- Қазақстан Республикасы рәміздері күні — 4 маусым;
- Эколог күні — 5 маусым;
- Полиция күні — 23 маусым;
- Мемлекеттік қызметші күні — 23 маусым;
- Жеңіл өнеркәсіб қызметкерлері күні — маусымның екінші жексенбісі;
- Медицина қызметкері күні — маусымның үшінші жексенбісі;
- Журналистер күні — 28 маусым
- Дипломатиялық қызмет күні — 2 шілде;
- Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлері күні — 13 шілде;
- Балық шаруашылығы қызметкерлері күні — шілденің екінші жексенбісі;
- Металлург күні — шілденің үшінші жексенбісі;
- Сауда қызметкерлері күні — шілденің төртінші жексенбісі;
- Көлік қызметкерлері күні — тамыздың бірінші жексенбісі;
- Құрылысшы күні — тамыздың екінші жексенбісі;
- Шекарашы күні — 18 тамыз;
- Спорт күні — тамыздың үшінші жексенбісі;
- Шахтер күні — тамыздың соңғы жексенбісі;
- Семей ядролық сынақ полигондарының жабылған күні — 29 тамыз.
- Білім күні — 1 қыркүйек;
- Мұнай-газ кешені қызметкерлерінің күні — қыркүйектің бірінші жексенбісі;
- Отбасы күні — қыркүйектің екінші жексенбісі;
- Қазақстан халқы тілдерінің күні — қыркүйектің үшінші жексенбісі;
- Атом саласы қызметкерлерінің күні — 28 қыркүйек;
- Әділет органдары қызметкерлерінің күні — 30 қыркүйек;
- Машина құрастырушылар күні — қыркүйектің соңғы жексенбісі;
- Еңбек күні — қыркүйектің соңғы жексенбісі;
- Қарттар күні — 1 қазан.
- Қорғаныс өнеркәсібі қызметкерлері күні — 6 қазан;
- Ұстаздар күні — қазанның бірінші жексенбісі;
- Құтқарушы күні — 19 қазан;
- Орман шаруашылығы қызметкері күні — қазанның үшінші жексенбісі;
- Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күні — қазанның соңғы жексенбісі;
- Күзет ұйымдары қызметкерлері күні — 29 қазан;
- Сыртқы барлау күні — 5 қараша;
- Статистика күні — 8 қараша;
- Ұлттық валюта күні, Қазақстан Республикасы қаржы саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі — 15 қараша;
- Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күні — қарашаның үшінші жексенбісі;
- Прокуратура күні — 6 желтоқсан;
- Энергетик күні — желтоқсанның үшінші жексенбісі.
Соңғы жаңалықтар
"Алла алдындағы үлкен қателік": Гүлзира Айдарбекова алғаш рет хиджабқа оранған қыздар жайлы өз ойын ашып айтты
Мәдениет
30 Сәуiр
"Жасы келген екі бейбақты несіне тілдейсіздер?" - Заңгер Бишімбаевтың ата-анасы туралы
Жаңалықтар
30 Сәуiр
Мемлекет басшысы Сингапур Парламентінің спикері Сеа Киань Пенді қабылдады
Жаңалықтар
30 Сәуiр
"Ұрпақты әйелден тарататын шығармыз деген ой келеді кейде" - Сәуле Әбілдаханқызы
Жаңалықтар
30 Сәуiр
Елімізде суға батып өлген малдың етінен фарш сатып жатыр ма?
Жаңалықтар
30 Сәуiр
Букмекелерлік кеңселерді жарнамалауға тыйым салудың салдары қандай?
Жаңалықтар
30 Сәуiр
Қайрат Нұртас халыққа құрметсіздік көрсеткені үшін жазаланды (ВИДЕО)
Жаңалықтар
30 Сәуiр
Астанада «Nobel Fest: медициналық инновациялар» атты ірі ғылыми фестиваль өтті
Жаңалықтар
30 Сәуiр
«Жастардың бетімен кеткенін көрсетеді»: Дінтанушы тойда қосылған сүре туралы
Жаңалықтар
30 Сәуiр
Сахнадан балағат сөз айтқан: танымал қазақстандық әнші жауапқа тартылды
Жаңалықтар
30 Сәуiр