Бердімұхамедовтің өлімі туралы жалған ақпарат таратқан саясаткер кешірім сұрады - kaz.caravan.kz
  • $ 485.4
  • 550.69
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бердімұхамедовтің өлімі туралы жалған ақпарат таратқан саясаткер кешірім сұрады

Бердімұхамедовтің өлімі туралы жалған ақпарат таратқан саясаткер кешірім сұрады

Еуразиялық проблемалар мониторингі орталығының директоры Аслан Рубаев Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедовтің өлімі туралы ақпараттың расталмағанын айтты. Ол жалған ақпарат таратқаны үшін кешірім сұрады.

  • 22 Шiлде 2019
  • 38
Фото - Caravan.kz

Бұған дейін саясаткер Аслан Рубаев "Говорит Москва" радиостанциясына берген сұқбатында Түрікменстан басшысы демалыс кезінде көз жұмды деген болатын. Ол арнайы қызметтердегі дереккөзге сілтеме жасаған.

 

Очень рад, что информация о смерти Гурбангулы Бердымухамедова не подтвердилась. Приношу свои извинения родным и близким…

Posted by Aslan Rubaev on Sunday, July 21, 2019

Кейін ол өзінің 
Facebook
 парақшасында Гурбангулы Бердімұхамедовтің өлімі туралы ақпаратты жоққа шығарды.

"Мен Гурбангулы Бердімұхамедовтің өлімі туралы ақпараттың расталмағанына өте қуаныштымын. Президенттің туыстары, жақындары  мен барша Түркіменстан халқынан кешірім сұраймын. Бұған дейінгі  ақпарат жоққа шығарылды", — деп жазды саясаткер.

Аслан Рубаев Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедовтің өлімі туралы ақпарат оның көптен бері көрінбей кеткеніне байланысты туындауы мүмкін екенін айтты.

Бұған дейін Түрікменстанның Мәскеудегі елшілігі де президенттің өлімі туралы ақпараттың жалған екенін хабарлаған болатын.