АЭХА бас директоры Юкия Амано қайтыс болды - kaz.caravan.kz
  • $ 485.4
  • 550.69
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
АЭХА бас директоры Юкия Амано қайтыс болды

АЭХА бас директоры Юкия Амано қайтыс болды

Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік бас директоры Юкия Амано 74 жасында қайтыс болды, - деп хабарлайды РИА Новости.

  • 22 Шiлде 2019
  • 24
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ұйымның баспасөз қызметі хабарлады.

"Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік хатшылығы Бас директор Юкия Аманоның қайтыс болғаны туралы хабарлайды", — делінген хабарламада.

Амано 2009 жылдан АЭХА басшылығына келген, оған дейін Жапонияның Агенттіктегі елшісі және тұрақты өкілі болды. Дипломат сондай-ақ Біріккен Ұлттар Ұйымында (БҰҰ) қызмет етті, 1972 жылдан бастап Жапонияның Сыртқы істер министрлігінде әртүрлі қызмет атқарды.

Қарусыздану және ядролық қаруды таратпау тақырыбына маманданған.