Белгілі болғандай, ұлты еуропалық, шамамен 50 жастағы әйел 2019 жылдың ақпан айында қалалық №4 клиникалық аурухананың инсульт орталығына «Ишемиялық инсульт» диагнозымен түскен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі медициналық ұйымның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомстводағылардың сөзінше, әйел ауруханаға түскен кезде жағдайы орташа ауыр болған.
«Клиникадағы дәрігерлер тиісті медициналық көмек көрсетті. Қазіргі уақытта пациенттің жағдайы қанағаттанарлық деп бағалануда», — дейді ауруханадағылар.
Бүгінде әйел стационарлық емге мұқтаж емес. Алайда дәрігерлер оны ауруханадан шығара алмай отыр. Сондықтан әйелдің туыстарын табу үшін көмек сұрайды.
«Сонымен қатар пациентті Алматы қалалық әлеуметтік бейімдеу орталығына ауыстыру да мүмкін болмай отыр. Себебі тұлғасын куәландыратын құжаттары жоқ», — дейді ведомстводағылар.