"Әзілдедім, қорықсын дедім". Жалған ақпарат таратқан дәрігер әрекетін түсіндірді - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
+1 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Әзілдедім, қорықсын дедім". Жалған ақпарат таратқан дәрігер әрекетін түсіндірді

"Әзілдедім, қорықсын дедім". Жалған ақпарат таратқан дәрігер әрекетін түсіндірді

"Алматыда 70 адам коронавирус жұқтырды" деген жалған ақпарат таратқан дәрігер өз әрекетін түсіндіру мақсатында видео жариялады. Думан Айтжанов видеосында қазақстандықтардан кешірім сұрады.

  • 31 Қаңтар 2020
  • 79
Фото - Caravan.kz

Бұл видео әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде тарап жатыр, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мен, акушер-гинеколог Думан Кемпилович Айтжанов, бүгінгі видеоүндеуімді What's app-тағы "Братва" тобына коронавирус туралы жіберген видеома байланысты жаздым. Достарыма әзілдедім, қорықсын дедім, коронавирус туралы ескерттім. Видео үшін қатты өкінемін. Мені көріп отырғандарға мен сияқты қателік жасамаңдар деп айтқым келеді", — деді дәрігер видеоүндеуінде. Полицейлер ер адамның тергеу кезінде уақытша қолхатпен босатылғанын айтты.

Еске салайық, мұның алдында дәрігердің ұсталғаны хабарланған болатын. Әлеуметтік желілерде ақ халат киген ер адамның Алматыда коронавирус жұқтырды деген 70 адам туралы айтқаны түсірілген видео тараған еді. Кейін бұл мәліметтің Денсаулық сақтау министрлігің өкілдері жалған екенін айтты.