"Кішкентай мүше синдромы" мен "Халықтың басты деграданты" желіні шулатқан даудан кейін бір-бірімен кездесті - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Кішкентай мүше синдромы" мен "Халықтың басты деграданты" желіні шулатқан даудан кейін бір-бірімен кездесті

"Кішкентай мүше синдромы" мен "Халықтың басты деграданты" желіні шулатқан даудан кейін бір-бірімен кездесті

Баян Алагөзова Ермек Тұрсынов спикерлердің бірі болған конференцияға қатысты.

  • 26 Ақпан 2020
  • 595
Фото - Caravan.kz

Соңғы уақытта отандық кино жұлдыздарының әлеуметтік желілерде және бұқаралық ақпарат құралдары арқылы ашық қақтығысқа ұшырағандары белгілі.

Бұл туралы Сaravan.kz медиа-порталы хабарлайды.

Бұған дейін Алагузова көрерменнің киноға қатысты талғамы туралы Ермек Тұрсыновтың сөзіне қатты ренжіген болатын.

“Бүгінде Баян Есентаева, Қайрат Нұртас, Төреғали Төреәлі сияқтылар Қазақстан мәдениетінің маңызды адамдарына айналған. Егер мәдени бағдаршыларымыз осындай болса, онда біз қандай халықпыз”, — деп жазған болатын Ермек Тұрсынов.

Өзіне айтылған мұндай дөрекі сөздерді қабылдай алмаған Алагөзова Тұрсыновқа былай жауап берді.

Мені бүкіл халықтың басты деграданты деп атағаныңыз үлкен мәртебе! Тұрсынов мырза, сіз менің ар-намысым мен қадір-қасиетіме ұзақ жылдар бойына нұқсан келтірдіңіз. Сізге қояр сұрағым бар. Сізде "кішкентай мүше" синдромы бар ма? Менімен және менің жұмысыммен күресуден жалықпадыңыз ба?

Конференцияда жүрген Алагөзова өзін жақсы сезінген сияқты. Продюсер түсірген кадрда Ермек Тұрсыновты анық көруге болады.


Тұрсынов «кино» деген сөздің мағынасын түсіндіруге тырысты, бірақ Алагөзованың жақтастары оны тоқтатуға асықты.

— Біз сіздің фильміңіздің бір минутын да көрген емеспіз. Солай, — деді залдағы көрерменнің бірі.

— Сізбен бірге пікірлесу мүмкін емес, — деді Ермек Тұрсынов.

— Пікірлесу мүмкін емес неліктен деп ойлайсыз? Себебі, микрафон сізде, — деп жауап берді көрермен.