Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Бұл туралы сауда және интеграция министрлігі мәлімдеді.
Bek Air-ге қарсы шағым Алматы қаласының Түркісіб аудандық сотына түсіпті.
Қазіргі таңда тұтынушылардың құқығын қорғау комитетіне ұйымға қарсы 420 адамнан шағым жолданған.
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Bek Air компаниясын осымен екінші рет сотқа беріп отыр.
Еске салайық, бұған дейін авиация комитеті тексеріс нәтижелерімен бөліскен еді. Олардың мәліметінше, Bek Air ұшқыштары сертификаттарды өздері жасап алған.