Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Компания бұзушылықтарды жою туралы бұйрықты орындамағандықтан, оператордың сертификаты қайтарып алынды.
Сондай-ақ, Bek Air компаниясының барлық Fokker әуе кемесінің 9 ұшағынан жарамдылық сертификаттары кері қайтарылды.
Пайдаланушы сертификатын және жоғарыда көрсетілген әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын алу үшін әуекомпания қайта сертификаттаудың толық рәсімінен өтуі керек.
Бұған дейін Қазақстанның авиациялық әкімшілігі бас көлік прокуратурасымен бірлесіп әуекомпанияға жоспардан тыс тексеру жүргізген болатын. Ұшу қауіпсіздігіне әсер ететін өрескел заң бұзушылықтар анықталды.