Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Stan.kz -ке сілтеме жасап хабарлайды.
«Қазақстан вирустың таралуын тоқтату үшін батыл шаралар қабылдауда. COVID-19-ға қарсы күресте АҚШ үкіметі Қазақстанды және әлемдегі басқа серіктестерді қолдайды. Халықаралық қауымдастық ретінде бар күш-жігерімізді біріктіруіміз керек. Әрқайсымыз үйде қалу және үкіметтің нұсқауларын орындау арқылы індетті жоюға өз үлесімізді қоса аламыз», – деді АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Уильям Мозер.
Жұқпалы аурудың қатері кез-келген жерде қауіп төндіруі мүмкін болғандықтан, АҚШ басқа донорларды COVID-19-бен күресу мақсатындағы жаһандық күш-жігерге ат салысуға шақырды.