Алматылық инспектор қытайлық азаматшаны алдап, 10 мың доллар алды деген күдікке ілінді - kaz.caravan.kz
  • $ 487.17
  • 565.65
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматылық инспектор қытайлық азаматшаны алдап, 10 мың доллар алды деген күдікке ілінді

Алматылық инспектор қытайлық азаматшаны алдап, 10 мың доллар алды деген күдікке ілінді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің өкілдері Жедел әрекет ету жасағының аға инспекторы 10 мың доллар пара алғанын әшкереледі.

  • 23 Сәуiр 2020
  • 25
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомство өкілдері Алматыдағы департаменттегілермен біріге отырып, Жедел әрекет ету жасағының аға инспекторының ҚХР азаматшасын полиция департаментінің лауазымды тұлғаларына пара беруге итермелегенін анықтаған.

"Осылайша оны алдап, оған қатысты қылмыстық қудалауды тоқтатамын деп уәде беріп, 10 мың доллар алған", — деді Жемқорлыққа қарсы агенттік аппаратының басшысы Қуаныш Жапақов.