Әлемдегі ең үлкен тікұшақ Шығыс Қазақстанда басталған өртті сөндіруге жіберілді - kaz.caravan.kz
  • $ 487.17
  • 565.65
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әлемдегі ең үлкен тікұшақ Шығыс Қазақстанда басталған өртті сөндіруге жіберілді

Әлемдегі ең үлкен тікұшақ Шығыс Қазақстанда басталған өртті сөндіруге жіберілді

Қазақстанның төтенше жағдайлар комитеті өрт ошақтарын жою үшін құтқарушыларға көмек көрсетуге жеке құрам да жіберілгенін хабарлады

  • 24 Сәуiр 2020
  • 75
Фото - Caravan.kz

Шығыс Қазақстан облысының Бесқарағай ауданында шыққан өртті сөндіру үшін әлемдегі ең үлкен тікұшақ жіберілді. Оның бір ұшқанда он тонна су шашуға мүмкіндігі бар.

Бұл туралы.caravan.kz  порталы sputniknews.kz-ға сілтеме жасап хабарлады.

Шығыс Қазақстанның құтқарушыларына көмекке Көкшетау гарнизонының жеке құрамы да жіберілді

Қазақстанның төтенше жағдайлар комитеті қарағайлы орманындағы өрт ошақтарын жою және өртті сөндіру үшін құтқарушыларға техникадан басқа жеке құрам да көмек көрсетуге жіберілгенін хабарлады.

Әлемдегі ең үлкен МИ-26Т тікұшағы


"Сағат 07:45-те Көкшетаудан әлемдегі ең үлкен суағар құрылғысы бар Ми-26Т тікұшағы ұшты. Борт бір ұшқанда он тонна су шашатын болады. Сонымен қатар бортта Көкшетау гарнизоны жеке құрамының 30 адамы бар, олар өртті сөндіруге атсалысады", — делінген ТЖК хабарламасында.

Айта кетейік, 23 сәуірде Қазақстанның шығысында "Семей Орманы" резерватының аумағында өрт басталды. Кешке қарай өрттің 300 гектар аумаққа тарағаны белгілі болды.